https://sputnik.kz/20240130/qaragandy-oblysynda-gaz-ballony-zharyldy-zardap-shekken-otbasylarga-komek-korsetiledi-41912191.html
Қарағанды облысында газ баллоны жарылды: зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетіледі
Қарағанды облысында газ баллоны жарылды: зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетіледі
Sputnik Қазақстан
Атқарушы орган жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жариялады 30.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-30T10:50+0500
2024-01-30T10:50+0500
2024-01-30T10:50+0500
қарағанды облысы
газ баллоны
https://sputnik.kz/img/07e8/01/1e/41909332_0:352:1024:928_1920x0_80_0_0_397302d6f8235c75e5bb8e3836e40370.jpg
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жөнінде арнайы комиссия құрылады. Барлығына қажетті көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті.Атқарушы орган жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жариялады.Аудан әкімінің айтуынша, үй ҚазМИРР сарапшылары тексеру жүргізіп жатыр. Тұрғындар әзірге туыстарының үйлерінде орналастырылған, оларды одан әрі қоныстандыру және үйдің тағдыры туралы мәселелер шешілетін болады.Ботақара кентінде 30 қаңтар сағат 00:07-де екі қабатты 12 пәтерлі үйде екінші қабаттағы пәтерде цилиндрлік газ жарылды.Пәтердің үстіндегі шатыр, қабырғалар мен едендер, соның ішінде бірінші қабаттағы пәтер толығымен қирады. Басқа пәтерлер де ішінара зақымдалған.Үйде тұратын 46 тұрғынның 35-і жарылыс кезінде үйлерінде болған. ТЖ салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті. Зардап шеккендердің арасында үш бала бар. Дәрігерлердің тексерісінен кейін екі бала үйіне жіберілді. Бір бала ОБКА-ға жеткізілді, сонымен қатар ауруханада екі ересек адам бар, олардың біреуі өте ауыр жағдайда.Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істейді."Үйінділер тазартылды. Жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті техниканы уақтылы ұсынды, соның арқасында бес адам құтқарылды. Адамдар үйінділердің астында, плиталардың астында қалып қойған. Крандар мен үш экскаватор тартылды. Қазір ТЖД мен полиция қызметкерлері тексеру жүргізуде. Жарылыстың алдын-ала себебі – газ баллонының дұрыс жұмыс істемеуі. Газ баллоны суықтан жылы бөлмеге кіргізілген. Болған оқиғаға кім кінәлі екенін құқық қорғау органдары анықтайды, – деді Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/1e/41909332_0:256:1024:1024_1920x0_80_0_0_9a709227564cf6ea25383099696b6d7d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, газ баллоны
қарағанды облысы, газ баллоны
Қарағанды облысында газ баллоны жарылды: зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетіледі
Атқарушы орган жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жариялады
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Бұқар жырау ауданының Ботақара кентінде зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жөнінде арнайы комиссия құрылады. Барлығына қажетті көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті.
"Қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетіледі. Біз залалды бағалаумен айналысатын комиссия құрамыз. Ешкімді проблемасымен жалғыз қалдырмаймыз, – деді аудан әкімі Абылай Сұлтанғали.
Атқарушы орган жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жариялады.
Аудан әкімінің айтуынша, үй ҚазМИРР сарапшылары тексеру жүргізіп жатыр. Тұрғындар әзірге туыстарының үйлерінде орналастырылған, оларды одан әрі қоныстандыру және үйдің тағдыры туралы мәселелер шешілетін болады.
Ботақара кентінде 30 қаңтар сағат 00:07-де екі қабатты 12 пәтерлі үйде екінші қабаттағы пәтерде цилиндрлік газ жарылды.
Пәтердің үстіндегі шатыр, қабырғалар мен едендер, соның ішінде бірінші қабаттағы пәтер толығымен қирады. Басқа пәтерлер де ішінара зақымдалған.
Үйде тұратын 46 тұрғынның 35-і жарылыс кезінде үйлерінде болған. ТЖ салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті. Зардап шеккендердің арасында үш бала бар. Дәрігерлердің тексерісінен кейін екі бала үйіне жіберілді. Бір бала ОБКА-ға жеткізілді, сонымен қатар ауруханада екі ересек адам бар, олардың біреуі өте ауыр жағдайда.
Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істейді.
"Үйінділер тазартылды. Жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті техниканы уақтылы ұсынды, соның арқасында бес адам құтқарылды. Адамдар үйінділердің астында, плиталардың астында қалып қойған. Крандар мен үш экскаватор тартылды. Қазір ТЖД мен полиция қызметкерлері тексеру жүргізуде. Жарылыстың алдын-ала себебі – газ баллонының дұрыс жұмыс істемеуі. Газ баллоны суықтан жылы бөлмеге кіргізілген. Болған оқиғаға кім кінәлі екенін құқық қорғау органдары анықтайды, – деді Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев.