https://sputnik.kz/20240129/air-astana-ipo-aktsiyalarynyn-bagasyn-zhariyalady-41897157.html
Air Astana IPO акцияларының бағасын жариялады
Air Astana IPO акцияларының бағасын жариялады
Sputnik Қазақстан
Бүгін қазақстандық авиакомпанияның IPO бойынша роуд-шоуы басталады 29.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-29T16:59+0500
2024-01-29T16:59+0500
2024-01-29T16:59+0500
ipo
air astana
https://sputnik.kz/img/07e8/01/13/41683549_44:62:1214:720_1920x0_80_0_0_57c31f90bde402698230c2b4f1f2be06.jpg
АЛМАТЫ, 29 қаңтар - Sputnik. Air Astana компаниясы Астана, Алматы және Лондондағы IPO-ға шығатын алдағы акциялар мен ғаламдық депозитарлық қолхаттардың баға диапазонын жариялады.Ол бір акция үшін 2,13-тен 2,75 долларға дейін ( 956-дан 1237 теңгеге дейін) және қолхат үшін 8,5-тен 11 долларға дейін (3825-тен 4950 теңгеге дейін) болады.Орналастыру аясында компания акциялар мен ғаламдық депозитарлық қолхаттарды шығарудыжәне шамамен 120 миллион доллар тартуды жоспарлап отыр. Бұл жағдайда компанияның күтілетін нарықтық капитализациясы 770-тен 962 миллион долларға дейін болады.Роуд-шоу осы жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтеді.Соңғы бағалар өтінімдер кітабын (букбилдинг) қалыптастыру аяқталғаннан кейін анықталады және 2024 жылдың 9 ақпанында жарияланады.Акциялар ақпан айының ортасынан бастап сатылады деп жоспарланған.IPO (Initial Public Offering) - бұл компанияның акцияларын қор нарығында шектеусіз адамдарға сату үшін алғашқы орналастыру.
https://sputnik.kz/20240110/air-astana-auekompaniyasy-ipo-ga-2024-zhyly-shygady-41477127.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/13/41683549_180:23:1110:720_1920x0_80_0_0_d810e7a1e7c1f00b9da93349f04b3de5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ipo, air astana
Air Astana IPO акцияларының бағасын жариялады
Бүгін қазақстандық авиакомпанияның IPO бойынша роуд-шоуы басталады
АЛМАТЫ, 29 қаңтар - Sputnik. Air Astana компаниясы Астана, Алматы және Лондондағы IPO-ға шығатын алдағы акциялар мен ғаламдық депозитарлық қолхаттардың баға диапазонын жариялады.
Ол бір акция үшін 2,13-тен 2,75 долларға дейін ( 956-дан 1237 теңгеге дейін) және қолхат үшін 8,5-тен 11 долларға дейін (3825-тен 4950 теңгеге дейін) болады.
"Акция үшін түпкілікті баға теңгемен белгіленеді және баға жарияланған күннің алдындағы күні қолданыста болатын Қазақстан ұлттық банкінің ресми бағамы бойынша 4-ке бөлінген және теңгемен айырбасталған ғаламдық депозитарлық қолхаттар үшін түпкілікті бағаға тең болады. Инвесторлардың KASE және AIX акцияларына өтінімдері теңгемен берілуі тиіс", - делінген Air Astana хабарламасында.
Орналастыру аясында компания акциялар мен ғаламдық депозитарлық қолхаттарды шығарудыжәне шамамен 120 миллион доллар тартуды жоспарлап отыр. Бұл жағдайда компанияның күтілетін нарықтық капитализациясы 770-тен 962 миллион долларға дейін болады.
Роуд-шоу осы жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтеді.
Соңғы бағалар өтінімдер кітабын (букбилдинг) қалыптастыру аяқталғаннан кейін анықталады және 2024 жылдың 9 ақпанында жарияланады.
Акциялар ақпан айының ортасынан бастап сатылады деп жоспарланған.
IPO (Initial Public Offering) - бұл компанияның акцияларын қор нарығында шектеусіз адамдарға сату үшін алғашқы орналастыру.