Air Astana әуекомпаниясы IPO-ға 2024 жылы шығады

© Photo : предоставлено пресс-службой авиакомпании Air AstanaДемонтаж опознавательных знаков и логотипа авиакомпании Air Astana
Демонтаж опознавательных знаков и логотипа авиакомпании Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2024
Жазылу
2022 жылы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы АҚ-ның бірқатар активі, ал 2023 жылы SPO KEGOC бәсекелестік ортаға берілді
АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Air Astana әуекомпаниясы IPO-ға 2024 жылы шығады, деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
"Биыл ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, Air Astana IPO-ға шығару күтілуде", - делінген хабарламада.
Министрлік мәлім еткендей, 2022 жылы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы АҚ-ның бірқатар активі, ал 2023 жылы SPO KEGOC бәсекелестік ортаға берілді.
Жаңалықтар
0