Экономика

"Қостанай – Ресей шекарасы" автожолы жөнделеді

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2024
Жазылу
Биыл Қостанай облысында жолдарды жөндеуге бюджеттен 66 млрд теңге қарастырылған
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Алдағы уақытта "Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы" автомобиль жолын реконструкциялау жоспарланып отыр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өткізген кеңесте мәлімдеді.
Үкімет басшысы өңір үшін маңызды жоба "Қостанай – Денисовка" автожолы күрделі жөндеуден өткенін атап өтті. Республикалық автожолдар учаскелері бойынша жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар – "Ұзынкөл – Троебратское", "Сарыкөл – Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы" және Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейінгі автожолдар.
"Ағымдағы жобалар аяқталған соң, алдағы уақытта "Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы" автомобиль жолын реконструкциялау жоспарлануда", — деді премьер-министр.
Үкіметтің баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2023 жылы облыстың автожол саласының бюджеті 56 млрд теңгені құраған. Бұл қаражатқа елді мекендердің арасындағы 700 км жолға және елді мекендердегі 299 көшеге жөндеу жүргізілді.
Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 66 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Қостанай облысына сапары - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2024
Өңірлер
Қостанай облысында биыл 13 өнеркәсіптік инвестициялық жоба іске асырылады
Жаңалықтар
0