https://sputnik.kz/20240127/qostanay-oblysynda-biyl-13-onerkasiptik-investitsiyalyq-zhoba-iske-asyrylady-41866259.html
Қостанай облысында биыл 13 өнеркәсіптік инвестициялық жоба іске асырылады
Қостанай облысында биыл 13 өнеркәсіптік инвестициялық жоба іске асырылады
Sputnik Қазақстан
Жобалардың жалпы құны 127 миллиард теңгені құрайды 27.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-27T09:39+0500
2024-01-27T09:39+0500
2024-01-27T09:39+0500
өңірлер
қостанай облысы
жоба
https://sputnik.kz/img/07e8/01/1b/41866386_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_ca305f9acc0b2fde8bc9c378efb77bb0.jpg
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Қостанай облысына жұмыс сапары барысында премьер-министр Әлихан Смайылов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы кеңес өткізді.Үкімет басшысы биыл жалпы құны 127 млрд теңге болатын 13 өнеркәсіптік инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты ол әкімдіктен жоспарланған жобаларды сапалы іске асыруды қамтамасыз етуді және тиісті инфрақұрылымды жүргізуді ескере отырып, индустриялық аймақты кеңейту мәселесін пысықтауды талап етті.Премьер-министр мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысынан Қостанайға дейін жаңа газ құбырын салу туралы шешім қабылданғанын айтты.Сонымен қатар былтыр тамыз айында үкімет Амангелді және Жангелді аудандарын, Арқалық, Жітіқара және Лисаков моноқалаларын дамытудың кешенді жоспарларын бекітті. Оларды іске асыруға республикалық бюджеттен 78 млрд теңге қарастырылған."Бұл қаражат, ең алдымен, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Әкімдік барлық іс-шараның сапалы және уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуі керек", — деп атап өтті үкімет басшысы.Денсаулық саласын дамытуға қатысты Смайылов бұған дейінгі жұмыс сапары кезінде берген тапсырмаларды іске асыру шеңберінде облыстық перинаталдық орталық салу және Тобыл қаласында емхананы қаржыландыру мәселелерінің пысықталғанын атап өтті."Жыл соңына дейін әкімдік денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып емхананы пайдалануға беріп, перинаталдық орталықтың құрылысын бастауы керек", — деді премьер.Сондай-ақ кеңесте "Ауыл аманаты" жобасы да талқыланды. Смайыловтың айтуынша, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға осы жоба өз септігін тигізеді."Үкімет Қостанай облысына биыл осы жобаны іске асыруға өткен жылмен салыстырғанда 2 еседен артық қаражат бөлді. 2023 жылы бөлінген қаражат есебінен 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылған болатын. Осы жылы кем дегенде 600 жұмыс орын құру жоспарлануда. Әкімдік кредиттер беріп қана қоймай, қосалқы шаруашылықтардың кооперациясын да ынталандыруы қажет", — деп тапсырды Әлихан Смайылов.
https://sputnik.kz/20231114/aqtobe-qostanay-magistraldi-gaz-qubyry-zhobalau-zhumystary-2024-zhyly-ayaqtalady-40151414.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/1b/41866386_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_6e461b41dded5c0032ab028ade80e81e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, жоба
Қостанай облысында биыл 13 өнеркәсіптік инвестициялық жоба іске асырылады
Жобалардың жалпы құны 127 миллиард теңгені құрайды
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Қостанай облысына жұмыс сапары барысында премьер-министр Әлихан Смайылов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы кеңес өткізді.
Үкімет басшысы биыл жалпы құны 127 млрд теңге болатын 13 өнеркәсіптік инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты ол әкімдіктен жоспарланған жобаларды сапалы іске асыруды қамтамасыз етуді және тиісті инфрақұрылымды жүргізуді ескере отырып, индустриялық аймақты кеңейту мәселесін пысықтауды талап етті.
Премьер-министр мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысынан Қостанайға дейін жаңа газ құбырын салу туралы шешім қабылданғанын айтты.
"Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, сараптамаға жіберілді. Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және QazaqGaz-бен бірге осы бағытта жұмысты жеделдетуі қажет. Әкімдік өңірді газдың қосымша көлемімен қамтамасыз етуді ескере отырып, инвесторлармен олардың жобаларын іске асыруды үйлестіру бойынша жұмыс жүргізуі тиіс", — деді Смайылов.
Сонымен қатар былтыр тамыз айында үкімет Амангелді және Жангелді аудандарын, Арқалық, Жітіқара және Лисаков моноқалаларын дамытудың кешенді жоспарларын бекітті. Оларды іске асыруға республикалық бюджеттен 78 млрд теңге қарастырылған.
"Бұл қаражат, ең алдымен, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Әкімдік барлық іс-шараның сапалы және уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуі керек", — деп атап өтті үкімет басшысы.
Денсаулық саласын дамытуға қатысты Смайылов бұған дейінгі жұмыс сапары кезінде берген тапсырмаларды іске асыру шеңберінде облыстық перинаталдық орталық салу және Тобыл қаласында емхананы қаржыландыру мәселелерінің пысықталғанын атап өтті.
"Жыл соңына дейін әкімдік денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып емхананы пайдалануға беріп, перинаталдық орталықтың құрылысын бастауы керек", — деді премьер.
Сондай-ақ кеңесте "Ауыл аманаты" жобасы да талқыланды. Смайыловтың айтуынша, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға осы жоба өз септігін тигізеді.
"Үкімет Қостанай облысына биыл осы жобаны іске асыруға өткен жылмен салыстырғанда 2 еседен артық қаражат бөлді. 2023 жылы бөлінген қаражат есебінен 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылған болатын. Осы жылы кем дегенде 600 жұмыс орын құру жоспарлануда. Әкімдік кредиттер беріп қана қоймай, қосалқы шаруашылықтардың кооперациясын да ынталандыруы қажет", — деп тапсырды Әлихан Смайылов.