Қоғам

Ленинградтың батылдығы алдында басымызды иеміз – ҰҚШҰ бас хатшысы

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 27 қаңтар — Sputnik. ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ленинградтың қоршаудан азат етілуінің 80 жылдығында ҰҚШҰ мемлекеттерінің халқы Ұлы Отан соғысы мен кеңестік азат етуші сарбаздың батырлығы туралы тарихи шындықты ардақтап есте сақтайтынын, ал ұйым өкілдері нацизм құрбандарын еске алу және Ленинградтың батылдығы алдында басын иетінін мәлімдеді.
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
"Бүгін – Ленинградтың фашистік блокададан толық азат етілуінің 80 жылдығы және кеңес әскерлерінің Освенцим концлагерінің тұтқындарын босатуының 79 жылдығы. Санкт-Петербург конференциясына қатысушылармен бірге біз бәріміз нацизм құрбандарын еске алу және Ленинградтың батылдығы алдында басымызды иеміз.
ҰҚШҰ мемлекеттерінің халқы Ұлы Отан соғысы мен кеңестік азат етуші сарбаздың ерлігі, нацизмге қарсы бірлескен күрес және біздің ортақ Ұлы Жеңісіміз туралы тарихи шындықты ардақтап есте сақтайды", - деді Тасмағамбетов "Еуразиялық тұрақсыздық доғасы және Шығыс Азиядан Солтүстік Африкаға дейінгі өңірлік қауіпсіздік мәселелері: 2023 жылдың қорытындысы" атты XIV Халықаралық ғылыми конференцияға қатысушыларды құттықтау барысында.
ҰҚШҰ бас хатшысы "тарихи жадты, тарихи шындықты сақтау Еуразия мемлекеттері мен бүкіл әлемнің қауіпсіз, лайықты болашағын құру үшін қажет" екенін атап өтті.
1944 жылы 27 қаңтарда Ленинград блокададан толығымен босатылды.
Алматыда Мәңгілік алауға гүл шоғы қойылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2024
Қоғам
Ленинградтың азат етілгеніне – 80 жыл: Алматыда Мәңгілік алауға гүл шоғы қойылды
Жаңалықтар
0