https://sputnik.kz/20240127/leningradtyn-azat-etilgenine--80-zhyl-almatyda-mangilik-alauga-gul-shogy-qoyyldy-41870186.html
Ленинградтың азат етілгеніне – 80 жыл: Алматыда Мәңгілік алауға гүл шоғы қойылды
Ленинградтың азат етілгеніне – 80 жыл: Алматыда Мәңгілік алауға гүл шоғы қойылды
Sputnik Қазақстан
Алматылықтар 28-ші панфиловшылар атындағы саябақта Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды 27.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-27T15:32+0500
2024-01-27T15:32+0500
2024-01-27T15:32+0500
қоғам
ұлы отан соғысы
алматы
https://sputnik.kz/img/07e8/01/1b/41868377_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_4dff49defb0c37bf088e438647d49d37.jpg
АЛМАТЫ, 27 қаңтар — Sputnik. Ленинградтың қоршаудан азат етілгеніне 80 жыл. Алматылықтар тарихи күнді еске алды. 28 панфиловшы-гвардияшылар саябағында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.Бүгінгі таңда Қазақстанның ірі мегаполисінде Ұлы Отан соғысының ең ауыр блокадасынан аман қалған 25 адам тұрады.27 қаңтарда жүзге жуық адам Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында Мәңгілік алау маңына жиналды. Олар Ұлы Отан соғысында Ленинградтың тоғыз жүз күндік қоршауында қаза тапқан бейбіт тұрғындарды және батыр қаланы қорғаған жауынгерлерді еске алды."Қазақстан халқы сол кезде жеті жарым миллион болған, оның миллион үш жүз мыңы майданға аттанды. Мұнда қалғандар тылда жұмыс істеді, жалпы жеңіске жету үшін денсаулығы мен күшін берді. Ұлы Отан соғысы әрбір қазақстандық отбасына әсер етті. Осындай күндерде біз Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бейбітшілікті сақтағаны үшін тағзым етуіміз керек. Олар фашизмді жеңіп, бүкіл әлемді құтқарды", - дейді Ауғанстандағы соғыс және басқа да жергілікті әскери қақтығыстар ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері кеңесінің төрағасы Мұрат Абдушкуров.Оның айтуынша, жас ұрпақ батыр аталарының ерлігін ұмытпауы керек.Бүгінде ленинградтық блокадашылардан Алматыда 25 адам ғана қалған. Оларды Ресей Федерациясының бас консулы Дмитрий Тураев құттықтады.1944 жылы 27 қаңтарда Ленинград блокададан толығымен босатылды. Қаланы 1941 жылдың қыркүйегінен бастап неміс және фин әскерлері қоршауға алған болатын. Қаланы ұдайы бомбалау, аштық, қақаған суық та ленинградтықтарды жеңе алмады.Вермахт пен оның еуропалық одақтастары қаланы басып алған жағдайда, ол тонауға ұшырап, халқы толығымен жойылатын еді.1944 жылдың қаңтарында Қызыл Армия Ленинградтың айналасындағы неміс және фин күштерін толық жойды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/1b/41868377_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_71544c98e20eaaff193dab9d46ac3388.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлы отан соғысы, алматы
Ленинградтың азат етілгеніне – 80 жыл: Алматыда Мәңгілік алауға гүл шоғы қойылды
Алматылықтар 28-ші панфиловшылар атындағы саябақта Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды
АЛМАТЫ, 27 қаңтар — Sputnik. Ленинградтың қоршаудан азат етілгеніне 80 жыл. Алматылықтар тарихи күнді еске алды. 28 панфиловшы-гвардияшылар саябағында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Бүгінгі таңда Қазақстанның ірі мегаполисінде Ұлы Отан соғысының ең ауыр блокадасынан аман қалған 25 адам тұрады.
27 қаңтарда жүзге жуық адам Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында Мәңгілік алау маңына жиналды. Олар Ұлы Отан соғысында Ленинградтың тоғыз жүз күндік қоршауында қаза тапқан бейбіт тұрғындарды және батыр қаланы қорғаған жауынгерлерді еске алды.
"Қазақстан халқы сол кезде жеті жарым миллион болған, оның миллион үш жүз мыңы майданға аттанды. Мұнда қалғандар тылда жұмыс істеді, жалпы жеңіске жету үшін денсаулығы мен күшін берді. Ұлы Отан соғысы әрбір қазақстандық отбасына әсер етті. Осындай күндерде біз Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бейбітшілікті сақтағаны үшін тағзым етуіміз керек. Олар фашизмді жеңіп, бүкіл әлемді құтқарды", - дейді Ауғанстандағы соғыс және басқа да жергілікті әскери қақтығыстар ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері кеңесінің төрағасы Мұрат Абдушкуров.
Оның айтуынша, жас ұрпақ батыр аталарының ерлігін ұмытпауы керек.
Бүгінде ленинградтық блокадашылардан Алматыда 25 адам ғана қалған. Оларды Ресей Федерациясының бас консулы Дмитрий Тураев құттықтады.
1944 жылы 27 қаңтарда Ленинград блокададан толығымен босатылды. Қаланы 1941 жылдың қыркүйегінен бастап неміс және фин әскерлері қоршауға алған болатын. Қаланы ұдайы бомбалау, аштық, қақаған суық та ленинградтықтарды жеңе алмады.
Вермахт пен оның еуропалық одақтастары қаланы басып алған жағдайда, ол тонауға ұшырап, халқы толығымен жойылатын еді.
1944 жылдың қаңтарында Қызыл Армия Ленинградтың айналасындағы неміс және фин күштерін толық жойды.