Сирия бойынша Астана форматындағы кезекті келіссөздер 2024 жылдың екінші жартысында өтеді

© Sputnik / Санат ИмангалиевПленарное заседание 20-го раунда переговоров в Астанинском формате по Сирии
Пленарное заседание 20-го раунда переговоров в Астанинском формате по Сирии - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2024
Жазылу
Кепілгер елдер "Астана процесінің" бастауында тұрған Сирия бойынша халықаралық кездесулер бойынша іс-шаралар өтікізіп жатқан қазақстандық тараптың рөлі ерекше екенін атап өтті
АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Сирия бойынша 22-ші халықаралық кездесу 2024 жылдың екінші жартысында Астанада өтеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев оқыған Астана форматындағы келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеде айтылды.
Бірлескен мәлімдемеде кепілгер елдер Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі, бірлігі мен аумақтық тұтастығына, сондай-ақ БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын берік ұстанатындарын қуаттады. Түркия мен Сирия арасындағы өзара құрмет, ізгі ниет және тату көршілік негізінде қарым-қатынастарды қалпына келтіру үшін күш салудың маңыздылығына тоқталды.
"Сирияның солтүстігіне қатысты барлық қолда бар уағдаластықтарды толық орындау қажеттігі атап өтілді", – делінген келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеде.
Сондай-ақ, кепілгер елдер идлибтің құлдырау аймағындағы жағдайды егжей-тегжейлі қарастырып, Идлиб туралы барлық келісімдерді толық орындау арқылы "жердегі" тыныштықты сақтау қажеттігін атап өтті.
Келіссөзге қатысушылар Сирияның солтүстік-шығысындағы жағдайды талқылап, Сирияның бірлігіне нұқсан келтіретін және көрші елдердің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін сепаратистік жоспарларға қарсы тұруға бел буды. Сондай-ақ "Сирияға тиесілі мұнай ресурстарын заңсыз басып алу мен беруді жалғастырудан бас тарту"айтылды.
Бірлескен мәлімдемеде кепілгер елдер бұл әрекеттерді халықаралық құқықты, халықаралық гуманитарлық құқықты, егемендікті және Сирияның аумақтық тұтастығын бұзу деп санайтыны айтылып, Израильдің Сириядағы әскери шабуылдарын айыптады.
Сондай-ақ, кепілгер елдер Сириядағы гуманитарлық жағдайға байланысты қатты алаңдаушылық білдіріп, халықаралық қауымдастықты, БҰҰ мен оның гуманитарлық агенттіктерін су және электрмен жабдықтау, санитария, денсаулық сақтау және білім беру, мектептер, ауруханалар нысандарын қалпына келтіру жобаларын іске асыру арқылы сириялықтарға көмек көрсетуді арттыруға шақырды.
Еске сала кетейік, 24-25 қаңтарда Астанада Сирия бойынша келіссөздердің 21 раунды өтіп жатыр. Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі және Сирия оппозициясы, сондай-ақ Иордания, Ирак және Ливан делегациялары бақылаушылар ретінде Таяу Шығыс елдерінің айналасындағы жағдайды шешу жолдарын талқылады. Келіссөздерге БҰҰ, БҰҰ босқындар жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының және Халықаралық Қызыл ай комитетінің өкілдері қатысады.
На снимке, сделанном в Рафахе, виден дым, клубящийся над Хан-Юнисом на юге сектора Газа во время израильской бомбардировки  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2024
Палестина–Израиль қақтығысы Сириядағы жағдайды ушықтыруда – Астана процесіндегі мәлімдеме
Жаңалықтар
0