https://sputnik.kz/20240125/palestina-izrail-qaqtygysy-siriyadagy-zhagdaydy-ushyqtyrady--astana-protsesinin-malimdemesi-41833183.html
Палестина–Израиль қақтығысы Сириядағы жағдайды ушықтыруда – Астана процесіндегі мәлімдеме
Палестина–Израиль қақтығысы Сириядағы жағдайды ушықтыруда – Астана процесіндегі мәлімдеме
Sputnik Қазақстан
24-25 қаңтарда Астанада Сирия бойынша келіссөздердің 21-ші раунды өтіп жатыр 25.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-25T15:31+0500
2024-01-25T15:31+0500
2024-01-25T16:02+0500
астана
астанадағы сирия бойынша келіссөздер
https://sputnik.kz/img/07e8/01/18/41792402_0:320:3072:2048_1920x0_80_0_0_e378308ad2bb8a1ceda73728479cf786.jpg
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Астана процесінің кепіл елдері Палестина – Израиль қақтығыстың шиеленісуі Сирияға кері әсер етіп жатқанын айтты. Бұл туралы келіссөз қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеде айтылды.Ол Астана процесіне қатысушы мемлекеттер Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағында тез арада атысты тоқтатуға шақырғанын айтты."Біз атысты дереу тоқтатуды және барлық тараптардың халықаралық құқық бойынша өз міндеттемелерін орындауын талап ететін БҰҰ Бас Ассамблеясының A/ES/-10/L.27 (2023) қарарын орындауға шақырдық", - делінген бірлескен мәлімдемеде.Сонымен қатар Қазақстан Сирия Конституциялық комитетінің отырыстарын қайта жандандыруды қолдайды."Бұл ішкі саяси келісімді орнатудың маңызды құралы болады", - деді Әлібек Бақаев.Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Газа секторындағы жағдай Таяу Шығыстағы қауіпсіздік сипатын айтарлықтай өзгерткенін және бұл қақтығыс Таяу Шығыста ғана емес, бүкіл әлемде тұрақсыздықтың жаңа толқынын тудыруы мүмкін екенін түсіндірді."Сондықтан, біз Сириядағы бітімге қол жеткізу және бейбітшілікте өмір сүру жолдарын іздеу үшін барлық қатысушы тараптардың шешуші шаралар қабылдайтын уақыты келді деп санаймыз. Сириядағы дағдарыс жаһандық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе болып қала береді", - деді Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Бақаев.2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Астана процесі аясында Сирия бойынша 21 халықаралық кездесудің 19-ын өткізді.Естеріңізге салсақ, 24-25 қаңтарда Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен Сирия оппозициясы, сондай-ақ бақылаушы ретінде Иордания, Ирак және Ливан делегациялары Таяу Шығыс елдері төңірегіндегі жағдайды реттеу жолдарын талқылайды. Келіссөзге БҰҰ, БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері қатысады.
https://sputnik.kz/20240125/astanada-siriya-kelissozderinin-21-raundy-otip-zhatyr-41823626.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/18/41792402_224:0:2955:2048_1920x0_80_0_0_676ead192568adc4e98e0edd76a072d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, астанадағы сирия бойынша келіссөздер
астана, астанадағы сирия бойынша келіссөздер
Палестина–Израиль қақтығысы Сириядағы жағдайды ушықтыруда – Астана процесіндегі мәлімдеме
15:31 25.01.2024 (жаңартылды: 16:02 25.01.2024) 24-25 қаңтарда Астанада Сирия бойынша келіссөздердің 21-ші раунды өтіп жатыр
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Астана процесінің кепіл елдері Палестина – Израиль қақтығыстың шиеленісуі Сирияға кері әсер етіп жатқанын айтты. Бұл туралы келіссөз қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеде айтылды.
"Палестина – Израиль қақтығысының шиеленісуі Сириядағы жағдайға кері әсер етіп жатқанын атап өттік. Біз қарулы қақтығыс аймағының кеңеюіне жол бермеудің және оған аймақтың басқа мемлекеттерін тартудың маңыздылығын атадық", - келіссөздер қорытындысы бойынша делінген бірлескен мәлімдемеде. Құжатты сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев оқып берді.
Ол Астана процесіне қатысушы мемлекеттер Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағында тез арада атысты тоқтатуға шақырғанын айтты.
"Біз атысты дереу тоқтатуды және барлық тараптардың халықаралық құқық бойынша өз міндеттемелерін орындауын талап ететін БҰҰ Бас Ассамблеясының A/ES/-10/L.27 (2023) қарарын орындауға шақырдық", - делінген бірлескен мәлімдемеде.
Сонымен қатар Қазақстан Сирия Конституциялық комитетінің отырыстарын қайта жандандыруды қолдайды.
"Бұл ішкі саяси келісімді орнатудың маңызды құралы болады", - деді Әлібек Бақаев.
Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Газа секторындағы жағдай Таяу Шығыстағы қауіпсіздік сипатын айтарлықтай өзгерткенін және бұл қақтығыс Таяу Шығыста ғана емес, бүкіл әлемде тұрақсыздықтың жаңа толқынын тудыруы мүмкін екенін түсіндірді.
"Сондықтан, біз Сириядағы бітімге қол жеткізу және бейбітшілікте өмір сүру жолдарын іздеу үшін барлық қатысушы тараптардың шешуші шаралар қабылдайтын уақыты келді деп санаймыз. Сириядағы дағдарыс жаһандық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе болып қала береді", - деді Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Бақаев.
2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Астана процесі аясында Сирия бойынша 21 халықаралық кездесудің 19-ын өткізді.
Естеріңізге салсақ, 24-25 қаңтарда Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен Сирия оппозициясы, сондай-ақ бақылаушы ретінде Иордания, Ирак және Ливан делегациялары Таяу Шығыс елдері төңірегіндегі жағдайды реттеу жолдарын талқылайды. Келіссөзге БҰҰ, БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері қатысады.