https://sputnik.kz/20240125/almaty-oblysynda-zhugeri-alqaby-4-ese-azaygan-41835056.html
Алматы облысында жүгері алқабы 4 есе азайған
Алматы облысында жүгері алқабы 4 есе азайған
Sputnik Қазақстан
Ұйғыр ауданының жұртшылығы 30 жылдан бері су тапшылығын көріп келеді 25.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-25T16:51+0500
2024-01-25T16:51+0500
2024-01-25T16:51+0500
су
ағын су
ауыз су
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/01/19/41834534_0:1:1919:1080_1920x0_80_0_0_19f1ba060315e9d707ba0433ed11b892.jpg
АЛМАТЫ, 25 қаңтар – Sputnik. Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кетпен ауылында жүгері алқабы 4 есеге дейін азайған. Өйткені елді мекенде су жоқ. Sputnik Қазақстан тілшісі Кетпен ауылына арнайы барып қайтты.Кетпен ауылдық округінің құрамына Бөдеті және Кетпен ауылдары кіреді. Барлығы 3000-нан астам тұрғыны бар. Алматыдан 300 шақырым қашықтықта орналасқан ауылда су жоқ. Өйткені ауыл маңындағы су қоймасы апатты жағдайда.Кеңес үкіметі кезінде 1000 гектарға бұршақ егіліп, егісі жайқалған ауылдардың бірі болған. Қазір бұршақ алқабының көлемі 4 есе азайған."Отыз жылдан бері таудың суымен ғана суарамыз. Оның өзі азайып барады, тіпті 50 процентке дейін су азайып кетті. Бұрын 1000 гектарға бұршақ егілетін, қазір 250 гектарға ғана егіледі. Колхоз кезінде су қоймасы да істеп тұрған, жалпы су көп болған. Қазіргі күні бидай, арпа, жүгерінің барлық егіс алқабы 1200 гектарға дейін егіледі", - дейді Юлдашев.Мамыр айындағы еріген қар суын үлгеріп пайдаланып қалады. Қалған уақытта кетпендіктер алақан жайып, аспаннан жаңбыр күтеді. Қар қалың түссе бұл жердегі тұрғындар үшін қуаныш."Бидайдың өзі колхоз кезінде төрт рет суғарылатын, ал қазір небәрі екі рет қана суарылады. Су өте аз. Халық біртіндеп үйлерін тастап кетіп жатыр", - дейді Кетпен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.Жалпы Ұйғыр ауданы әкімінің проблемалық мәселелер жазылған тізімі бар, оның саны – 69. Сол 69-дың ішінде апатты су қоймалары да ойып тұрып орын алған.Ұйғыр ауданында барлығы күрделі жөндеуді қажет ететін 7 су қоймасы бар. Олар: "Сарыбұлақ", "Добын – 1", "Добын - 2", "Баг Кетпен", "Үлкен Ақсу", "Қос-ағаш" және "Сүмбе" гидротехникалық құрылымдары.Бұл су қоймаларының барлығы Кеңес үкіметі кезінде егіс алқаптарын суару үшін жасалған. Қазіргі күні жартылай толған немесе қаңсып тұр. Егер қоймаларды толтырса төмендегі ауылдарды су шайып кету қаупі бар. Сол себепті жергілікті билік тәуекелге барудан түбегейлі бас тартқан."Кетпен гидротехникалық құрылымының су ағызу қондырғысының ақауы бар. Бұл бөгеттің бұзылуына әкеп соғады. Салдарынан Шонжа – Қалжат тас жолын су шайып кету қаупі бар. Су қоймасы толтырылған, суды ағызу тек апаттық ағызу арқылы жүзеге асырылады. Төтенше жағдай кезінде хабарлау үшін сиреналар орнатылды. Құрылымдарда электр энергиясы жоқ. Байланыс құралдары, бақылау бекеті жоқ. Сондай-ақ, көкжиектерді көрсететін су өлшегіш рельс жоқ. Жалпы су қоймасының және оның құрылыстарының жай-күйі апатқа дейінгі болып саналады. Алматы филиалы осы су қоймасын 2022 жылы көп факторлы зерттеу жүргізе отырып, күрделі жөндеуді қаржыландыру үшін 1344 республикалық Су шаруашылығы объектілерінің тізіліміне енгізу үшін күш салып жатыр", - дейді Ұйғыр ауданының әкімдігі.
https://sputnik.kz/20240124/alqaptar-keuip-onim-azaydy-almaty-oblysynda-apatty-su-qoymasynyn-maselesi-sheshilmey-tur-41785958.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/19/41834534_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_6b7b9969b30245a6ab63240400275ea2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
су, ағын су, ауыз су, алматы облысы
су, ағын су, ауыз су, алматы облысы
Алматы облысында жүгері алқабы 4 есе азайған
Ұйғыр ауданының жұртшылығы 30 жылдан бері су тапшылығын көріп келеді
АЛМАТЫ, 25 қаңтар – Sputnik. Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кетпен ауылында жүгері алқабы 4 есеге дейін азайған. Өйткені елді мекенде су жоқ. Sputnik Қазақстан тілшісі Кетпен ауылына арнайы барып қайтты.
Кетпен ауылдық округінің құрамына Бөдеті және Кетпен ауылдары кіреді. Барлығы 3000-нан астам тұрғыны бар. Алматыдан 300 шақырым қашықтықта орналасқан ауылда су жоқ. Өйткені ауыл маңындағы су қоймасы апатты жағдайда.
"Біздегі басты проблема – су тапшылығы. Бұл су қоймасы 1981 жылы салынған. Тереңдігі – 20 метр. Сыйымдылығы 130 мың куб метр су сияды. Ббидай, арпа, бұршақ өсіреміз. Барған сайын өнім азайып бара жатыр. Егістік алқаптарына су аз келеді. Кеңес үкіметі құлаған кезден бері бөгет бір де бір жөндеу көрмеген", - дейді Кетпен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Елшат Юлдашев.
Кеңес үкіметі кезінде 1000 гектарға бұршақ егіліп, егісі жайқалған ауылдардың бірі болған. Қазір бұршақ алқабының көлемі 4 есе азайған.
"Отыз жылдан бері таудың суымен ғана суарамыз. Оның өзі азайып барады, тіпті 50 процентке дейін су азайып кетті. Бұрын 1000 гектарға бұршақ егілетін, қазір 250 гектарға ғана егіледі. Колхоз кезінде су қоймасы да істеп тұрған, жалпы су көп болған. Қазіргі күні бидай, арпа, жүгерінің барлық егіс алқабы 1200 гектарға дейін егіледі", - дейді Юлдашев.
Мамыр айындағы еріген қар суын үлгеріп пайдаланып қалады. Қалған уақытта кетпендіктер алақан жайып, аспаннан жаңбыр күтеді. Қар қалың түссе бұл жердегі тұрғындар үшін қуаныш.
"Бидайдың өзі колхоз кезінде төрт рет суғарылатын, ал қазір небәрі екі рет қана суарылады. Су өте аз. Халық біртіндеп үйлерін тастап кетіп жатыр", - дейді Кетпен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
Жалпы Ұйғыр ауданы әкімінің проблемалық мәселелер жазылған тізімі бар, оның саны – 69. Сол 69-дың ішінде апатты су қоймалары да ойып тұрып орын алған.
Ұйғыр ауданында барлығы күрделі жөндеуді қажет ететін 7 су қоймасы бар. Олар: "Сарыбұлақ", "Добын – 1", "Добын - 2", "Баг Кетпен", "Үлкен Ақсу", "Қос-ағаш" және "Сүмбе" гидротехникалық құрылымдары.
Бұл су қоймаларының барлығы Кеңес үкіметі кезінде егіс алқаптарын суару үшін жасалған. Қазіргі күні жартылай толған немесе қаңсып тұр. Егер қоймаларды толтырса төмендегі ауылдарды су шайып кету қаупі бар. Сол себепті жергілікті билік тәуекелге барудан түбегейлі бас тартқан.
"Кетпен гидротехникалық құрылымының су ағызу қондырғысының ақауы бар. Бұл бөгеттің бұзылуына әкеп соғады. Салдарынан Шонжа – Қалжат тас жолын су шайып кету қаупі бар. Су қоймасы толтырылған, суды ағызу тек апаттық ағызу арқылы жүзеге асырылады. Төтенше жағдай кезінде хабарлау үшін сиреналар орнатылды. Құрылымдарда электр энергиясы жоқ. Байланыс құралдары, бақылау бекеті жоқ. Сондай-ақ, көкжиектерді көрсететін су өлшегіш рельс жоқ. Жалпы су қоймасының және оның құрылыстарының жай-күйі апатқа дейінгі болып саналады. Алматы филиалы осы су қоймасын 2022 жылы көп факторлы зерттеу жүргізе отырып, күрделі жөндеуді қаржыландыру үшін 1344 республикалық Су шаруашылығы объектілерінің тізіліміне енгізу үшін күш салып жатыр", - дейді Ұйғыр ауданының әкімдігі.