Өңірлер

Алқаптар кеуіп, өнім азайды: Алматы облысында апатты су қоймасының мәселесі шешілмей тұр

© Айдана ДайыроваАлматы оболысы Ұйғыр ауданы Ақсу ауылы
Алматы оболысы Ұйғыр ауданы Ақсу ауылы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2024
Жазылу
Су қоймасына күрделі жөндеу жасалса егіс алқабын 2000 гектарға дейін жеткізуге болады
АЛМАТЫ, 24 қаңтар - Sputnik. Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері судың тапшылығын сезініп келеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үлкен Ақсу округінде үш ауыл бар, мұнда барлығы 5200 тұрғын тұрады. Тау етегінде орналасқан ауылдың түтіні бөлек. Таяқ шаншысаң тал боп өсер табиғаты бар ауылдың тірлігіне кедергі - судың тапшылығы.
"Ауылда жүгері ғана өспейді, арпа, бидай, жеміс-жидектің барлық түрі жайқалып тұрады. 1400 гектар жерге дәнді дақылдар өсіреміз. Бірақ су тапшы. Егіс көлемі азайған жоқ, дегенмен егін науқаны кезінде өнімді аз алатын кезіміз болады. Ауыл тұрғындарының бау-бақшасы мен ауызсуы қоса бар. Бір ай ауыл тұрғындарына су берілсе, бір ай егіс алқаптары суарылады", - дейді Үлкен Ақсу ауылының әкімі Адылжан Құрбаниязов.
© Айдана ДайыроваАлматы оболысы Ұйғыр ауданы Ақсу ауылы
Алматы оболысы Ұйғыр ауданы Ақсу ауылы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2024
Алматы оболысы Ұйғыр ауданы Ақсу ауылы
Егіс алқаптары небәрі бір-ақ рет суарылады. Беде - бұл жақтағы халықтың малына азық. Суы бар ауылдар бедені бір маусымда үш рет шауып, жем-шөпке қарық болса, ақсулықтар небәрі бір рет қана шабады. Өйткені сол баяғы су жоқ.
"Бір гектар жері бар тұрғындар бар. Су болса еккен бедесін үш рет шабатын еді. Бір рет еккен беде не жағар май, не техниканың ақшасын ақтамайды. Ал үш рет шапса оны сатып, пайдасын көрер еді. Мысалы беде мен жоңышқаның престелген 1 бумасы 1500 теңге тұрады. 1000 бумасын сатса бір жарым миллион теңге. Халық адал еткен еңбегінің жемісін көрер еді", - дейді Адылжан Құрбаниязов.
© Айдана ДайыроваАлматы оболысы Ұйғыр ауданы Ақсу ауылы
Алматы оболысы Ұйғыр ауданы Ақсу ауылы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2024
Алматы оболысы Ұйғыр ауданы Ақсу ауылы
Ақсулықтар мамырда еріген қар суын тездетіп пайдаланып, әупірімдеп күн көріп жүр. Жаз болса қуаңшылық басталады. Су қоймасына күрделі жөндеу жасалса егіс алқабын 2000 гектарға дейін жеткізуге болады. Айта кетері, бұл су қоймасы 1970 жылы салынған. Шаруашылық үшін ғана жасалған қойманы көп ұзамай су шайып, біртіндеп іске алғысыз боп қалған. Жалпы Тәуелсіздік алған жылдардан бері бір де бір рет жөндеу көрмеген.
"Бұл су қоймасына 1 млн куб метр су сияды. Қазір ресми түрде апатты су қоймасы деп танылған. Былтырдан бері Алматы облысы әкімінің проблемалық мәселелер тізіміне енгізілді. Жалпы су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстарына 1,5 млрд теңге керек", - дейді ауыл әкімі.
© Айдана ДайыроваАлматы оболысы Ұйғыр ауданы Ақсу ауылы
Алматы оболысы Ұйғыр ауданы Ақсу ауылы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2024
Алматы оболысы Ұйғыр ауданы Ақсу ауылы
"Ауызсу" бағдарламасы аясында мыңнан аса ауыл тұрғынына су кіргізіп берген. Бұл өзі аз суды одан ары азайтқан. Ақсулықтар таудан аққан судың бір тамшысын ысырап етпей, арықпен ағызып әкеп, егістік суғарып жүр. Оның 50 проценті жерге сіңіп жоқ болады. Қысқасы бес мыңнан астам тұрғынның күні бір арыққа қарап тұр. Апатты бөгеттің мәселесі министрлікке де аян.
"Алматы облысы әкімінің 21.11.2016 қаулысымен коммуналдық меншіктен филиалдың балансына 2017 жылы апатты жағдайда берілді. Су қоймасы тарифтік негізде ұсталғандықтан, қайта құру мүмкін емес. Қалпына келтіру және реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында "Қазсушар" орталық аппаратына ұсыныс енгізілді. Бүгінгі таңда су қоймасы апаттық жағдайға байланысты пайдаланылмайды, транзиттік режимде жұмыс істейді, яғни су жиналмайды", - дейді Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация министрлігі.
Апатты бөгетті "Қазсушар" мамандары арнайы келіп, аралап та көрген. Қазірше аралап көріп, облыс әкімінің проблемалық мәселелер тізіміне ғана кірген Ақсудағы апатты бөгеттің мәселесі енді қашан шешілері белгісіз.
Жаңалықтар
0