https://sputnik.kz/20240125/3000-tenge-qaryzy-bar-qazaqstandyq-bankrot-boldy-kirister-komiteti-tusinikteme-berdi-41840863.html
"3000 теңге қарызы бар қазақстандық банкрот болды": кірістер комитеті түсініктеме берді
"3000 теңге қарызы бар қазақстандық банкрот болды": кірістер комитеті түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Банкрот болған қазақстандықтың қарызы - 1,5 млн теңге 25.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-25T21:18+0500
2024-01-25T21:18+0500
2024-01-25T21:18+0500
банкрот
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1c/23786059_198:241:1280:850_1920x0_80_0_0_00d9dfa9d8a5de16943a58ef5307dd61.jpg
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті "3000 теңге қарызы бар қазақстандық банкрот деп жарияланды" деген мәліметке қатысты ресми түсіндірме ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Комитет мәлімдемесінде көрсетілгендей, өтініш берген кезде азамат несие беруші ұйым алдында 1 738,7 мың теңге мөлшерінде қарызы барын көрсеткен.Комитет барлық кредитор "Мемлекеттік кредит бюросы" АҚ-ға өздерінің қарыз алушылары бойынша берешек сомалары мен мерзімдері туралы мәліметті ұсынуға міндетті екенін еске салды.Азаматтар берешектері туралы мәліметтерді өздігімен кредиттік бюроның mkb.kz сайтынан қарай алады.Бұған дейін үш мың теңге қарызы бар қазақстандықтың банкрот болғаны туралы хабарланған болатын. Бұл туралы бірінші несие бюросының басшысы Руслан Омаров айтты.Еске сала кетейік, 2023 жылдан бастап қазақстандықтарға өзін банкрот деп жариялауға заңды рұқсат берілген болатын. Былтыр 8,3 мың қазақстандық "банкрот" статусын алды.
https://sputnik.kz/20231031/65-myn-adam-bankrot-dep-tanyldy--vitse-ministr-tekseristin-uzaqqa-sozylu-sebebin-aytty-39781632.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1c/23786059_234:69:1275:850_1920x0_80_0_0_6bb19a105281b4a1dd507bc0f164b446.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банкрот
"3000 теңге қарызы бар қазақстандық банкрот болды": кірістер комитеті түсініктеме берді
Банкрот болған қазақстандықтың қарызы - 1,5 млн теңге
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті "3000 теңге қарызы бар қазақстандық банкрот деп жарияланды" деген мәліметке қатысты ресми түсіндірме ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Комитет мәлімдемесінде көрсетілгендей, өтініш берген кезде азамат несие беруші ұйым алдында 1 738,7 мың теңге мөлшерінде қарызы барын көрсеткен.
"Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ-ның деректеріне сәйкес қарыздың нақты сомасы 2 кредитордың алдында – 1 473,3 мың теңгені құрайды. Қарыздың негізгі көрсеткіш сомасы — 962 мың теңге, орташа сома — 1,6 млн теңге, минималды сома — 2978 теңге. Осы мәлімет egov.kz электрондық үкімет порталында орналастырылған", - делінген комитет хабарламасында.
Комитет барлық кредитор "Мемлекеттік кредит бюросы" АҚ-ға өздерінің қарыз алушылары бойынша берешек сомалары мен мерзімдері туралы мәліметті ұсынуға міндетті екенін еске салды.
Азаматтар берешектері туралы мәліметтерді өздігімен кредиттік бюроның mkb.kz сайтынан қарай алады.
Бұған дейін үш мың теңге қарызы бар қазақстандықтың банкрот болғаны туралы хабарланған болатын. Бұл туралы бірінші несие бюросының басшысы Руслан Омаров айтты.
Еске сала кетейік, 2023 жылдан бастап қазақстандықтарға өзін банкрот деп жариялауға заңды рұқсат берілген болатын. Былтыр 8,3 мың қазақстандық "банкрот" статусын алды.