https://sputnik.kz/20231031/65-myn-adam-bankrot-dep-tanyldy--vitse-ministr-tekseristin-uzaqqa-sozylu-sebebin-aytty-39781632.html
6,5 мың адам банкрот деп танылды – вице-министр тексерістің ұзаққа созылу себебін айтты
6,5 мың адам банкрот деп танылды – вице-министр тексерістің ұзаққа созылу себебін айтты
Sputnik Қазақстан
Банкрот деп танылған 6,4 мың адамның берешек сомасы 9 миллиард теңгені құрады. 31.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-31T13:32+0500
2023-10-31T13:32+0500
2023-10-31T13:32+0500
банкрот
https://sputnik.kz/img/07e7/03/03/32643597_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_6af9f7b71bc5f8bcfe7b53fbfc731111.jpg
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов наурыз айынан бері қарызы бар адамды банкрот ретінде жариялау не себепті ұзаққа созылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң наурыз айында күшіне енген болатын. Содан бері 70 мыңға жуық арыз түскен.Оның айтуынша, банкроттық рәсімі кезінде мемлекеттік органдар өтініш берген адам туралы ақпаратпен де алмасып тұрады. Соның негізінде тиісті шешім қабылданады. Ал арыздар онлайн режимде қабылданады."Банкрот деп танылған 6,4 мың адамның берешек сомасы 9 миллиард теңгені құрады. Оның бәрі алынып тасталды. 3,5 мыңнан астам азаматтың қарыз мерзімі 5 жылдан асып кетті. Әлеуметтік төлемдер алатындар да бар. Олардың саны – 645 адам", - деп атап көрсетті вице-министр.
https://sputnik.kz/20231020/keybireuler-ozin-bankrot-dep-zhariyalay-almay-otyr-zhamaubaev-birneshe-usynys-zhasady-39517149.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/03/32643597_455:0:3186:2048_1920x0_80_0_0_6698b2e8c520edd8412510664e90ebc5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банкрот
6,5 мың адам банкрот деп танылды – вице-министр тексерістің ұзаққа созылу себебін айтты
Банкрот деп танылған 6,4 мың адамның берешек сомасы 9 миллиард теңгені құрады.
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов наурыз айынан бері қарызы бар адамды банкрот ретінде жариялау не себепті ұзаққа созылғанын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң наурыз айында күшіне енген болатын. Содан бері 70 мыңға жуық арыз түскен.
" 70 мың арызды өңдеу аясында қазіргі таңда 6 400 адам банкрот деп танылды. Банкрот болған адамдардың аз болу себебін түсіндіре кетейін. Заң бойынша біз наурыз айынан бастап алған арыздарға алты ай бойы мониторинг жүргіздік. Сараптама жұмыстарын өткізгеннен кейін қыркүйек айынан бастап банкрот мәртебесін ресми түрде бере бастадық", - деді Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, банкроттық рәсімі кезінде мемлекеттік органдар өтініш берген адам туралы ақпаратпен де алмасып тұрады. Соның негізінде тиісті шешім қабылданады. Ал арыздар онлайн режимде қабылданады.
"Банкрот деп танылған 6,4 мың адамның берешек сомасы 9 миллиард теңгені құрады. Оның бәрі алынып тасталды. 3,5 мыңнан астам азаматтың қарыз мерзімі 5 жылдан асып кетті. Әлеуметтік төлемдер алатындар да бар. Олардың саны – 645 адам", - деп атап көрсетті вице-министр.