Кейбіреулер өзін банкрот деп жариялай алмай отыр: Жамаубаев бірнеше ұсыныс жасады

© Sputnik / Абзал КалиевЕрұлан Жамаубаев
Ерұлан Жамаубаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2023
Жазылу
Биыл наурыздан бері банкроттық бойынша 68 мыңнан астам өтініш түскен, 5,6 мыңға жуық қазақстандық банкрот деп танылды
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Жеке тұлғалар үшін банкроттық процедурасы жеңілдетілуі мүмкін. Бұл туралы вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жекелеген борышкерлер кейбір кедергілердің салдарынан банкроттық рәсімін қолдана алмай отыр. Осыған байланысты бірқатар норма ұсынылады", - деді Жамаубаев парламенттік тыңдауда.
Банкроттық процедурасын оңайлату үшін ұсынылып отырған шаралар:
соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізбесін кеңейту;
азаматтарды соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішке қосымша құжаттар беруден босату;
төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін негіздерден өтініш берушінің 12 ай ішінде кредиторлар алдында өтеудің болмау фактісін растауды алып тастау;
төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің шетелге шығуына тыйымды алып тастау.
Министрдің айтуынша, биыл 3 наурыздан бастап банкроттық бойынша 68 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оның 55 мыңы банкроттық рәсімге сәйкес келмейтіні анықталды.
Негізгі себептері: мүліктің болуы, борышкердің қарыз сомасы мен төлем мерзімі бойынша сәйкессіздік және кредитормен борышты дұрыс реттемеу.
"Нәтижесінде бүгінгі таңда 8 млрд теңгеден астам борыш сомасына 5,6 мыңға жуық азамат банкрот деп танылды", - деді вице-премьер.
Сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін соттарға 1 200-ге жуық азамат жүгініп, банкроттыққа қатысты 35 шешім шығарылды.
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2023
Мемлекеттік кірістер комитеті банкрот болған адамның портретін жасады
Жаңалықтар
0