Қарағандыда заңсыз салынып жатқан 11 тұрғын үй кешені анықталды

© Пресс-служба акима Карагандинской облаасти Строящийся дом в Карагандинской области
Строящийся дом в Карагандинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2024
Жазылу
Сот кейбіреулерінің үшін жұмысын тоқтатты, бірақ құрылыс компаниялары бұл шешімді елемеген
АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы заңсыз құрылыс салушылардың тізімін жариялады. "Қара" тізімде Қарағандыда қажетті рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқан 11 тұрғын үй кешені бар, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Қарағанды бойынша бүгінгі таңда 11 нысанда рұқсат құжаттары толық емес. Дегенмен, олар құрылысты бастап кеткен, қандай да бір жолмен жалғастыруда. Нақтырақ айтсақ, сот қаулысымен "Қарқаралы" тұрғын үй кешені және Мұқанов, 49р мекенжайында орналасқан КТҮ, "Central Avenue" тұрғын үй кешендері бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды, құрылыс салушылар әкімшілік жауапқа тартылды", - деді облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысы Сержан Аймақов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте.
Аймақов үлескерлерге ескерту жасап, жарнамаға сенбеу керектігін айтты. Егер кімде-кім осы нысандарға инвестиция салған болса, өз ақшасын талап еткені жөн дейді басқарма басшысы.
Оның айтуынша, сот процесінде басқа да нысандар бойынша материалдар бар.
Бұған дейін елімізде үй сатып алу үшін алдын ала шарт жасасуға тыйым салынуы мүмкін екені хабарланған болатын.
Сондай-ақ құрылыс жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында үлескерлерден заңсыз ақша алып, кейіннен құрылысты тоқтатқаны үшін айыппұл санкцияларын ұлғайту қаралып жатыр.
Сонымен қатар инженерлік желілерсіз тұрғын үй нысандарын жобалауға және салуға тыйым салынды.
"Жедел ден қою шарасы" жаңа бақылау тетігін енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Ол профилактикалық бақылау аясында оқиға орнына бармай-ақ, заң бұзушылықтарға уақытылы жауап беріп, олардың жолын кесуге, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру және рұқсат беру құжаттарынан (лицензиялар, аттестаттар, аккредиттеу) айыруға мүмкіндік береді.
строительство - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2023
Елімізде үй сатып алу үшін алдын ала шарт жасасуға тыйым салынуы мүмкін
Жаңалықтар
0