https://sputnik.kz/20231228/elimizde-uy-satyp-alu-ushin-aldyn-ala-shart-zhasasuga-tyyym-salynuy-mumkin-41256267.html
Елімізде үй сатып алу үшін алдын ала шарт жасасуға тыйым салынуы мүмкін
Елімізде үй сатып алу үшін алдын ала шарт жасасуға тыйым салынуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Үлескерлерден заңсыз ақша алып, кейіннен құрылысты тоқтатқаны үшін айыппұл санкцияларын ұлғайту қаралып жатыр 28.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-28T09:16+0500
2023-12-28T09:16+0500
2024-01-12T12:51+0500
тұрғын үй
үлескерлер
https://sputnik.kz/img/old/127/86/1278671_0:0:1440:810_1920x0_80_0_0_3d667703b5f6bd8ae7d66fdd5892f020.jpg
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда үлескерлердің қатысуымен құрылыс жүргізу саласындағы бақылауды күшейту бірқатар шара әзірленеді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Атап айтқанда, үй сатып алуға алдын ала шарт жасасуға тыйым салу жоспарланып отыр. бұл үлескерлермен толыққанды шарт жасалмағандықтан, олардың алдын ала ақша беріп, алданып қалмауына мүмкіндік береді.Сондай-ақ құрылыс жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында үлескерлерден заңсыз ақша алып, кейіннен құрылысты тоқтатқаны үшін айыппұл санкцияларын ұлғайту қаралып жатыр.Қазіргі уақытта бұл түзетулер – парламенті мәжілісінің қарауында.Биыл инженерлік желілерсіз тұрғын үй нысандарын жобалауға және салуға тыйым салынды. Бұл сапасыз нысандарды пайдалануға беру тәуекелдерін жояды."Жедел ден қою шарасы" жаңа бақылау тетігін енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Ол профилактикалық бақылау аясында оқиға орнына бармай-ақ, заң бұзушылықтарға уақытылы жауап беріп, олардың жолын кесуге, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру және рұқсат беру құжаттарынан (лицензиялар, аттестаттар, аккредиттеу) айыруға мүмкіндік береді.Бұған дейін 11 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 15 млн шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй пайдалануға берілгені хабарланған болатын.
https://sputnik.kz/20231228/qazaqstanda-biyl-15-mln-sharshy-metrden-astam-uy-paydalanuga-berildi-41255556.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/127/86/1278671_180:0:1260:810_1920x0_80_0_0_839deb9fde8165644d29398d98e7fe74.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын үй, үлескерлер
Елімізде үй сатып алу үшін алдын ала шарт жасасуға тыйым салынуы мүмкін
09:16 28.12.2023 (жаңартылды: 12:51 12.01.2024) Үлескерлерден заңсыз ақша алып, кейіннен құрылысты тоқтатқаны үшін айыппұл санкцияларын ұлғайту қаралып жатыр
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда үлескерлердің қатысуымен құрылыс жүргізу саласындағы бақылауды күшейту бірқатар шара әзірленеді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, үй сатып алуға алдын ала шарт жасасуға тыйым салу жоспарланып отыр. бұл үлескерлермен толыққанды шарт жасалмағандықтан, олардың алдын ала ақша беріп, алданып қалмауына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ құрылыс жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында үлескерлерден заңсыз ақша алып, кейіннен құрылысты тоқтатқаны үшін айыппұл санкцияларын ұлғайту қаралып жатыр.
Қазіргі уақытта бұл түзетулер – парламенті мәжілісінің қарауында.
"Бір-біріне өте жақын етіп үй салуға жол бермеу мақсатында 2024 жылғы қаңтардан бастап енгізілетін бірыңғай қала құрылысы сараптамасының тетігі әзірленді. Енді әзірленген және түзетілген жобалар (бас жоспарлар, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс жобалары) Мемлекеттік қала құрылыс кадастырының ақпарат жүйесіне міндетті түрде тіркеліп, кешенді сараптамадан өтетін болады", - делінген хабарламада.
Биыл инженерлік желілерсіз тұрғын үй нысандарын жобалауға және салуға тыйым салынды. Бұл сапасыз нысандарды пайдалануға беру тәуекелдерін жояды.
"Жедел ден қою шарасы" жаңа бақылау тетігін енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Ол профилактикалық бақылау аясында оқиға орнына бармай-ақ, заң бұзушылықтарға уақытылы жауап беріп, олардың жолын кесуге, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру және рұқсат беру құжаттарынан (лицензиялар, аттестаттар, аккредиттеу) айыруға мүмкіндік береді.
Бұған дейін 11 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 15 млн шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй пайдалануға берілгені хабарланған болатын.