Қоғам

Qazaq Air Астанадан Новосібірге қайта ұша бастайды

 Qazaq Air ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2024
Жазылу
Рейстер аптасына екі рет орындалады
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Qazaq Air 15 қаңтардан бастап Астанадан Новосібірге әуе қатынасын жандандырады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Жолаушыларды канадалық de-Havilland Dash 8-Q400 жаңа генерацияланған әуе кемесі тасымалдайды.
Рейстер аптасына 2 рет – дүйсенбі және жұма күндері (жергілікті уақытпен) орындалады:
IQ5005 Астана 20:40 – Новосібір 23:30;
IQ5006 Астана 00: 30 – Новосібір 01: 20.
Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасын жаңарту екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени-іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, деп атап өтті әуе компаниясы.
Билеттерді бүгіннен бастап www.flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.
 Qazaq Air ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2024
Қоғам
Qazaq Air Жезқазғаннан Өскеменге рейстер ашады
Жаңалықтар
0