Қоғам

Qazaq Air Жезқазғаннан Өскеменге рейстер ашады

© Photo : Пресс-служба Qazaq Air Qazaq Air ұшағы
 Qazaq Air ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2024
Жазылу
Рейстер аптасына екі рет орындалады
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Qazaq Air 12 қаңтардан бастап Жезқазғаннан Өскеменге тікелей әуе қатынасын іске қосады, деп хабарлайды әуе компанияның баспасөз қызметі.
Рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері орындалады:
IQ 501 Жезқазған (11:30) - Өскемен (13:20)
IQ 502 Өскемен (13:50) - Жезқазған (15:50).
"Жезқазған – Өскемен – Жезқазған бағыты бойынша рейстер жаңа буындағы канадалық de-Havilland Dash 8-Q400 әуе кемесінде орындалады", - делінген хабарламада.
Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуе рейстерінің құны бір бағытқа 15 000 теңгені құрайды. 14 жасқа толмаған балаларға компания 50% жеңілдік ұсынады.
Қолжүгін тасымалдау нормасы – 5 кг, жолжүгі – 20 кг. Ұшу датасы мен билетті қайтару кезінде ақша ұсталмайды.
Билеттерді қазірден бастап flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуе компанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.
 Qazaq Air ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2023
Қоғам
Авиация әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясын тексереді
Жаңалықтар
0