https://sputnik.kz/20240109/ne-sumdyq-mynau-aqyly-ubt-ga-otinish-beru-uaqyty-tagy-uzartyldy-41433670.html
"Не сұмдық мынау?!": ақылы ҰБТ-ға өтініш беру уақыты тағы ұзартылды
"Не сұмдық мынау?!": ақылы ҰБТ-ға өтініш беру уақыты тағы ұзартылды
Sputnik Қазақстан
Ұлттық тестілеу орталығы ақылы ҰБТ-ға өтініш беру мерзімін осымен екінші рет ұзартып отыр 09.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-09T08:52+0500
2024-01-09T08:52+0500
2024-01-09T09:57+0500
ұбт
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958363_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_8127a200475fd71d240a11abeadb981f.jpg
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Қаңтар айындағы ақылы тестілеуге өтініш беру мерзімі тағы ұзартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.8 қаңтарда сағат 17:00-де қосымша орындар ашылды.Ұлттық тестілеу орталығы ақылы ҰБТ-ға өтініш беру мерзімін осымен екінші рет ұзартып отыр. Бұған дейін қаңтардың 9-ына дейін өтініш қабылданады деген хабарлама жарияланған.Ал желі қолданушылары сайттың жиі істемей қалатынын жазып жатыр. Соның салдарынан мектеп оқушылары тіркеліп үлгермейді."Бұлай орын ашқанша, ашпай-ақ қойыңдар! Не сұмдық мынау, сайт мүлдем жұмыс істемейді, кірмейді, "403" деп шығып тұр! Тегін емес, сонша ақша төлеп қатысып жатырмыз ғой!", - деп жазды қолданушылар.Олардың арасында мектеп мұғалімдері де бар."Тағы орындар ашыла ма? Біздің мектептегі 11-сыныптардың тек 30%-ы тіркеліп үлгерді. Сайттарыңыз таңның атысы күннің батысы қатып тұрады, орын ашыңыздар! Не сұмдық, біресе орын жоқ, біресе сайт жұмыс істемейді. Оқушылар онсыз да күйзелісте жүр, жеткілікті орын бөліп, сайтты дұрыстаңыздаршы", - дейді олар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958363_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_8816e5677b18d9193f999157f93aaf09.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт
"Не сұмдық мынау?!": ақылы ҰБТ-ға өтініш беру уақыты тағы ұзартылды
08:52 09.01.2024 (жаңартылды: 09:57 09.01.2024) Ұлттық тестілеу орталығы ақылы ҰБТ-ға өтініш беру мерзімін осымен екінші рет ұзартып отыр
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Қаңтар айындағы ақылы тестілеуге өтініш беру мерзімі тағы ұзартылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.
8 қаңтарда сағат 17:00-де қосымша орындар ашылды.
"Сондай-ақ ҰБТ-ға өтініш беру 11 қаңтарға (қоса алғанда) дейін жалғасады. Мұқият болыңыздар! Сәттілік!", - деп жазылған орталықтың ресми парақшасында.
Ұлттық тестілеу орталығы ақылы ҰБТ-ға өтініш беру мерзімін осымен екінші рет ұзартып отыр. Бұған дейін қаңтардың
9-ына дейін өтініш қабылданады деген хабарлама жарияланған.
Ал желі қолданушылары сайттың жиі істемей қалатынын жазып жатыр. Соның салдарынан мектеп оқушылары тіркеліп үлгермейді.
"Бұлай орын ашқанша, ашпай-ақ қойыңдар! Не сұмдық мынау, сайт мүлдем жұмыс істемейді, кірмейді, "403" деп шығып тұр! Тегін емес, сонша ақша төлеп қатысып жатырмыз ғой!", - деп
жазды қолданушылар.
Олардың арасында мектеп мұғалімдері де бар.
"Тағы орындар ашыла ма? Біздің мектептегі 11-сыныптардың тек 30%-ы тіркеліп үлгерді. Сайттарыңыз таңның атысы күннің батысы қатып тұрады, орын ашыңыздар! Не сұмдық, біресе орын жоқ, біресе сайт жұмыс істемейді. Оқушылар онсыз да күйзелісте жүр, жеткілікті орын бөліп, сайтты дұрыстаңыздаршы", - дейді олар.