Білім

Қаңтардағы ҰБТ-ға өтінім беру уақыты ұзарды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2024
Жазылу
Өңірлерде қосымша орындар ашу жұмыстары жүріп жатыр
АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш беру уақыты ұзарды, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.
Өтінім беру 9 қаңтарға дейін ұзартылды. Өңірлерде қосымша орындар ашу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы ақпарат министрлік парақшасында дүйсенбі күні жарияланады.
"Сондай-ақ сіздерден бос орындар туралы жалған ақпарат таратушыларға сенбеуді және өзекті жаңалықтарды тек ресми ақпарат көздерінен, яғни әлеуметтік желілердегі біздің парақшаларымыздан және www.testcenter.kz сайтынан оқуды сұраймыз", - дейді ведомстводағылар.
Бұған дейін қаңтардағы ҰБТ-ға өтінім қабылдау 6 қаңтарда аяқталатыны хабарланған болатын.
Тестілеудің өзі 18 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.
Қаңтардағы ҰБТ-ға қатысатындар:
жазғы тестілеу нәтижелері бойынша шекті балл жинамаған және күндізгі оқу нысаны бойынша шартты түрде ЖОО-ға қабылданғандар,
ЖОО-да шығармашылықтан дайындықтың басқа бағыттарына ауысқысы келетін білім алушылар,
ақылы негізде оқытудың педагогикалық бағыттарына ауысқысы келетіндер,
қалауы бойынша ақылы негізде ЖОО-ға қабылдау үшін мектептердің бітіруші сынып оқушылары.
Депутаты мажилиса. Новый созыв - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2023
Зайытов ҰБТ жайлы: Ұлттық бірыңғай тестілеу ме, әлде ұлттың болашағын тоздыру ма
Жаңалықтар
0