Баласының өміріне бейжай қараған ата-ана енді айыппұлмен құтылмайды

© PhotoАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Баласы терезеден құлап мертіккен ата-ана енді заң алдында жауап береді. Қазір депутаттар мен бала құқығын қорғау жөніндегі уәкіл тақырыпты қызу талқылап, заңнамаға бірнеше түзету әзірлеп жатыр.
Әзірге әр жағдай жеке дара қаралады дейді жауаптылар. Сондықтан кесіп-пішіп, жазаның нақты қандай боларын ешкім айта алмай отыр, деп хабарлады КТК.
Дегенмен бала өміріне бейжай қараған ата-аналар айыппұлмен ғана құтылмайды екен. Заңның қатаңдатылуына соңғы бес жылдағы статистика түрткі болған. Бұған бірінші кезекте терезеге арнайы қорғаныш механизмінің орнатылмауы себеп. Сондай-ақ үлкендердің перзентіне бас-көз болмауы да осындай қайғылы жағдайларға әкеп соғуда.
Отбасының шырқын бұзатындарға да жаза қатайтылады. Бұған дейін жұдырығын ала жүгіріп үйдің беркесін қашырғандарға әуелі ескерту жасалып, кейіннен 15 тәулікке қамалса, енді бірден 60 тәулікке қамалады.
"Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде осы қылмыстар үшін 15 тәулікке дейін қамауға алу санкциясы қарастырылған. Егер де ол қылмыстық кодекс қатарына енетін болса, мұндай нормалардың жауапкершілігі қатая түседі, яғни 50-60 тәулікке дейін қамауда отырады", - дейді әділет вице-министрі Алма Мұқанова.
архив фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2022
Қазақстанда отбасылық зорлық-зомбылық үшін жаза қатаңдатылады
Жаңалықтар
0