https://sputnik.kz/20220901/qazaqstan-otbasylyq-zorlyq-zombylyq-27190820.html
Қазақстанда отбасылық зорлық-зомбылық үшін жаза қатаңдатылады
Қазақстанда отбасылық зорлық-зомбылық үшін жаза қатаңдатылады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отбасында ойран салатындарды қатаң жазаға кесу керек деп санайды. Бұл туралы ол Қазақстан... 01.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-01T12:20+0500
2022-09-01T12:20+0500
2022-09-01T12:20+0500
зорлық-зомбылық
заң
https://sputnik.kz/img/299/76/2997657_12:0:974:541_1920x0_80_0_0_fd11e661d2a510765508a299b61c82d5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отбасында ойран салатындарды қатаң жазаға кесу керек деп санайды. Бұл туралы ол Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Мемлекет басшысы отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүргенін айтты. Десе де құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын. Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет, деп түйіндеді сөзін президент.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/299/76/2997657_132:0:853:541_1920x0_80_0_0_def4687b1b607485056d4981d405c54a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зорлық-зомбылық, заң
Қазақстанда отбасылық зорлық-зомбылық үшін жаза қатаңдатылады
НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отбасында ойран салатындарды қатаң жазаға кесу керек деп санайды. Бұл туралы ол Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекет басшысы отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүргенін айтты.
Десе де құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады.
"Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды. Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын. Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет, деп түйіндеді сөзін президент.