"Мәселе тек 50%-ке шешілді": Мусин Астананың қай жерінде интернет сапасы жақсарғанын айтты

© Sputnik / Яков Андреев / Медиабанкке өтуВышка сотовой связи
Вышка сотовой связи - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2024
Жазылу
Қазіргі уақытта Хан Шатыр сауда ойын-сауық орталығы маңындағы 11 тұрғын үй кешенінде базалық станция орнатылған
АСТАНА, 8 қаңтар –Sputnik. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин құрылыс компаниялары архитектуралық жұмыстарды келісу кезінде базалық станцияларды орнату аймақтарын алдын ала анықтауы керектігін айтты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Ведомство атап өткендей, өткен жылы министрлік Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, байланысы жоқ немесе интернет жылдамдығы төмен 67 тұрғын үй кешенін анықтады.
"Бүгінде 62 тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен келісімге қол жеткізілді, ал қалған бес үйде әлі де радиофобтар бар", - делінген министрлік хабарламасында.
Мәселен, Манхэттен тұрғын үй кешені маңындағы мобильді интернеттің жылдамдығы мамыр айындағы көрсеткішпен салыстырғанда, барлық операторда орташа есеппен 8-10 есеге өсті. Айта кетейік, қазіргі уақытта Хан Шатыр сауда ойын-сауық орталығы маңындағы 11 тұрғын үй кешенінде базалық станция орнатылған (Самұрық Towers ТК, Семь Палат ТК, Анет баба 13/3, Өнер-2 ТК, Өнер тк, Е-128, Аққу ТК, Мұхамедханов 20, Мұхамедханов 19а, Smart City ТК, Greenline Qurmangazy ТК).
"Бұл жерде мәселе тек 50 пайызға шешілді. Босаңсуға әлі ерте. Сондықтан бұл мәселені тезірек шешу керек. Тұрғындар қызмет үшін мемлекетке емес, операторларға төлейді. Болашақта мұндай проблемалар болмауы үшін құрылыс компаниялары архитектуралық жұмыстарды келісу кезінде базалық станцияларды орнату аймақтарын алдын ала анықтауы керек. Біз бұл мәселені бұған дейін де әкімдікпен талқыладық, сондықтан бұл жұмысты күшейту қажет", - деп атап өтті Бағдат Мусин.
Сондай-ақ министрлікке елорда тұрғындарынан Тұран даңғылы (Sezim Qala ТК, Ақ Дидар ТК) бойынша байланыс және интернет сапасына қатысты шағымдар келіп түсуде. Бұл ауданда антенна діңгек құрылысын салу мүмкіндігі қарастырылды. 2024 жылдың ақпан айының соңына дейін электр монтаждау жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Содан кейін байланыс операторлары жабдықтарды монтаждайды, аталған жұмыстар осы аудандағы байланыс сапасын жақсартуға әсер етуі тиіс.
Елорданы цифрландыру басқармасы электр монтаждау жұмыстарын аяқтау процесіне жәрдем көрсетеді.
"Біз әкімдікпен бірлесіп, Жол картасы аясында 20 антенна-діңгек құрылғысын орнаттық, бұл Астана қаласы бойынша интернет пен байланыс сапасын жақсартуға ықпал етеді", - деп атап өтті министр.
Министрлік байланыс желілерін жоспарлау кезінде туындаған бұған дейінгі қиындықтарды және елорданың сол жағалауындағы байланыс сапасына қатысты проблемаларды ескере отырып, мұндай антенна діңгек құрылғылары алдын ала салынатынын жеткізді.
Мобильный телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2023
Байланыс сапасы нашар болса, оператор клиентке абоненттік төлемді қайтарады – Мусин
Жаңалықтар
0