https://sputnik.kz/20231230/baylanys-sapasy-nashar-bolsa-operator-klientke-abonenttik-tolemdi-qaytarady--musin-41307077.html
Байланыс сапасы нашар болса, оператор клиентке абоненттік төлемді қайтарады – Мусин
Байланыс сапасы нашар болса, оператор клиентке абоненттік төлемді қайтарады – Мусин
Sputnik Қазақстан
Байланыс қызметтерін сапасыз ұсынғаны үшін операторларға 5 млн теңгеден астам айыппұл салынады 30.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-30T18:39+0500
2023-12-30T18:39+0500
2023-12-30T18:39+0500
бағдат мусин
https://sputnik.kz/img/11/00/110046_19:0:981:541_1920x0_80_0_0_bc20bed9dfd00b97076b866e733ea3eb.jpg
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин байланыс сапасы нашар болған кезде байланыс операторлары клиенттерге абоненттік төлемдерін қайтаруды ұсынды.Бұл туралы министрі өзінің Telegram арнасында жазды. Мусин кеше Оразақ ауылында ауыл тұрғындарымен, жергілікті әкімдік және байланыс операторлары өкілдерімен кездесу өткізді. Тұрғындар байланыс қызметінің сапасыздығын айтып шағымданды.Айта кетейік, байланыс қызметтерін сапасыз ұсынғаны үшін операторларға 5 млн теңгеден астам айыппұл салынады. Ал операторлардың өздерінің айтуы бойынша бір базалық станцияны жаңғыртуға 15-20 млн теңге шегінде инвестиция қажет.Кездесу қорытындысы бойынша министр сапасыз байланысты тіркеген кезде мемлекетке төленетін айыппұлға қосымша операторлар клиенттерге 3-6 ай үшін абоненттік төлемді қайтаратын норманы бекітуді ұсынды."Бұл норма бойынша азаматтарымызға көрсетілген сапасыз қызметі үшін байланыс операторларының өтемақы төлеуіне бағытталған. Осылайша, азаматтар қолайсыз деп саналатын қызметтер үшін абоненттік төлемді қайтара алатын болады", - деп түйіндеді Мусин.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/11/00/110046_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_c01d96f67594e9587bcf9ee53399b1ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бағдат мусин
Байланыс сапасы нашар болса, оператор клиентке абоненттік төлемді қайтарады – Мусин
Байланыс қызметтерін сапасыз ұсынғаны үшін операторларға 5 млн теңгеден астам айыппұл салынады
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин байланыс сапасы нашар болған кезде байланыс операторлары клиенттерге абоненттік төлемдерін қайтаруды ұсынды.
Бұл туралы министрі өзінің Telegram арнасында жазды. Мусин кеше Оразақ ауылында ауыл тұрғындарымен, жергілікті әкімдік және байланыс операторлары өкілдерімен кездесу өткізді. Тұрғындар байланыс қызметінің сапасыздығын айтып шағымданды.
Айта кетейік, байланыс қызметтерін сапасыз ұсынғаны үшін операторларға 5 млн теңгеден астам айыппұл салынады. Ал операторлардың өздерінің айтуы бойынша бір базалық станцияны жаңғыртуға 15-20 млн теңге шегінде инвестиция қажет.
"Мен ұялы байланыс операторларын кезекті рет айыппұл төлеудің орнына, қолда бар базалық станцияларды жаңғыртуға және айыппұл төлеу сияқты жүйелі шығындарындың орнына жаңа базалық станциялар орнатуға шақырдым", - деп жазды министр.
Кездесу қорытындысы бойынша министр сапасыз байланысты тіркеген кезде мемлекетке төленетін айыппұлға қосымша операторлар клиенттерге 3-6 ай үшін абоненттік төлемді қайтаратын норманы бекітуді ұсынды.
"Бұл норма бойынша азаматтарымызға көрсетілген сапасыз қызметі үшін байланыс операторларының өтемақы төлеуіне бағытталған. Осылайша, азаматтар қолайсыз деп саналатын қызметтер үшін абоненттік төлемді қайтара алатын болады", - деп түйіндеді Мусин.