Батыс Қазақстан мектептерінде оқушылар тыйым салынған сайттарды еркін пайдаланған

© Sputnik / Санат ИмангалиевКруглый стол "Тюркология в глобальном мире: связь России и тюркского мира", посвященный российско-казахстанским отношениям
Круглый стол Тюркология в глобальном мире: связь России и тюркского мира, посвященный российско-казахстанским отношениям - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2024
Жазылу
Олар суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарды еркін көрген
АЛМАТЫ, 8 қаңтар - Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының мектептерінде оқушылар тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізген, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының 14 мектебінің информатика пәні кабинетінде оқушылар тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізіп жүрген. Бұны аудандық прокурорлар анықтаған.
"Мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіргені анықталды. Прокуратураның қадағалау актісімен 14 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді ведомстводағылар.
Қазіргі күні ауданның барлық білім беру мекемелерінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қойылып жатыр.
Айтпақшы, осыдан бір ай бұрын дәл осындай жағдай тағы да Батыс Қазақстанда болған. Ол кезде Теректі ауданының оқушылары тыйым салынған сайттарды еркін пайдаланғаны анықталды. Ол кезде де 14 директор жауапқа тартылды.
Жаңалықтар
0