Батыс Қазақстанның 14 мектебінде оқушылар тыйым салынған сайттарға еркін кірген

© Sputnik / Санат ИмангалиевКруглый стол "Тюркология в глобальном мире: связь России и тюркского мира", посвященный российско-казахстанским отношениям
Круглый стол Тюркология в глобальном мире: связь России и тюркского мира, посвященный российско-казахстанским отношениям - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2023
Жазылу
Мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіргені белгілі болды
АЛМАТЫ, 5 желтоқсан - Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы 14 мектепте оқушылар тыйым салынған сайттарды еркін пайдаланған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Аудандық прокуратура 14 мектептің информатика кабинеттерінде оқушылардың тыйым салынған интернет-контенттерді еркін пайдаланғанын анықтаған.
"Мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіргені белгілі болды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 7-2-бөлігі бойынша 14 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді ведомстводағылар.
Қазіргі күні ауданның барлық білім беру мекемелерінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қойылды.
Алматыдағы пансионат - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2023
Алматыда пансионатта оқыған жасөспірімдер заңсыз діни рәсімдер жасалғанын айтты
Жаңалықтар
0