Солтүстік Қазақстанда газ баллоны жарылып, бір отбасының 5 адамы зардап шекті

© Photo : Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіСолтүстік Қазақстанда тұрғын үйде газ баллоны жарылды
Солтүстік Қазақстанда тұрғын үйде газ баллоны жарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2024
Жазылу
Жарылыс кезінде үйде болған бес адам түрлі күйікпен ауруханаға жеткізілді
АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы Меңгесер ауылында тұрғын үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Құтқарушылардың айтуынша, 5 литрлік газ баллоны жарылған. Оқиға 4 қаңтарда түс ауа болған.
"Жарылыстан тұрғын үйдің төбесі құлап, қабырғалары зақымданған. Жарылыс кезінде үйде болған бес адам: 1970, 1979, 1977 жылы туған ер адамдар және 1966 жылғы әйел, 2007 жылғы қыз түрлі күйікпен ауруханаға жеткізілді", - дейді ведомство.
Осыған байланысты СҚО ТЖ департаменті газ аспаптарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін мүлтіксіз сақтау қажеттігін ескертеді.
Еске сала кетейік, жақында ғана Оралда газ жарылып, екі қабатты "Ризық" дәмханасы жермен-жексен болды.
Оралда дәмханада жарылыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2024
Орал дәмханасындағы жарылыс: үшінші адамның мәйіті табылды
Жаңалықтар
0