https://sputnik.kz/20240104/oral-damkhanasyndagy-zharylys-ushinshi-adamnyn-mayiti-tabyldy-41372899.html
Орал дәмханасындағы жарылыс: үшінші адамның мәйіті табылды
Орал дәмханасындағы жарылыс: үшінші адамның мәйіті табылды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін жарылыс болған жерден екі адамның мәйіті табылғаны хабарланған болатын 04.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-04T16:09+0500
2024-01-04T16:09+0500
2024-01-04T16:09+0500
жарылыс
орал
https://sputnik.kz/img/07e8/01/04/41369351_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_c095b433ba4a4f2e49a3410ff11f34c2.jpg
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Оралдағы дәмханада болған жарылыстан қаза болған үшінші адамның денесі табылды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.Жарылған ғимаратта авариялық-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр."Қираған ғимаратты аршу қиынға соғып жатыр. Тіпті құтқарушылардың өзіне қауіп төніп тұр. Қазіргі күні қирандылар толық ашылып, тазартылып жатыр. Үйінді астынан үшінші адамның денесі табылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.Бұған дейін ТЖД күшімен қираған құрылымдардың астынан 6 адам табылып, құтқарылды, оның 5-уі медициналық мекемелерге жеткізілді, 1 адам ауруханаға жатудан бас тартты.Оқиға орнында қазіргі уақытта ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері жұмыс істеп жатыр, барлығы 190 адам және 50-ден астам техника жұмылдырылған.Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстарына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.Еске сала кетейік, Оралда газ-ауа қоспасы жарылып, екі қабатты дәмхана қирады.
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/04/41369351_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_695020b285d6af625dc1f8623b63c1b2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жарылыс, орал
Орал дәмханасындағы жарылыс: үшінші адамның мәйіті табылды
Бұған дейін жарылыс болған жерден екі адамның мәйіті табылғаны хабарланған болатын
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Оралдағы дәмханада болған жарылыстан қаза болған үшінші адамның денесі табылды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Жарылған ғимаратта авариялық-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр.
"Қираған ғимаратты аршу қиынға соғып жатыр. Тіпті құтқарушылардың өзіне қауіп төніп тұр. Қазіргі күні қирандылар толық ашылып, тазартылып жатыр. Үйінді астынан үшінші адамның денесі табылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Бұған дейін ТЖД күшімен қираған құрылымдардың астынан 6 адам табылып, құтқарылды, оның 5-уі медициналық мекемелерге жеткізілді, 1 адам ауруханаға жатудан
бас тартты.
Оқиға орнында қазіргі уақытта ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері жұмыс істеп жатыр, барлығы 190 адам және 50-ден астам техника жұмылдырылған.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстарына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
Еске сала кетейік, Оралда газ-ауа қоспасы жарылып, екі қабатты
дәмхана қирады.