Қоғам

Қар, боран және аяз: синоптиктер ауа райы болжамын жариялады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2024
Жазылу
Еліміздің солтүстігінде 30 градус аяз болжанып отыр
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. 6 қаңтарда солтүстік-батыста қатты қар жауады, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтілуде. 7-8 қаңтар күндері солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қатты қар жауады.
Сондай-ақ республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен боран болжанып отыр. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
"Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында солтүстік-батыс антициклон жотасының суық ауа массалары енуіне байланысты температура күрт төмендейді", - деп ескертті синоптиктер.
Батыста және солтүстік-батыста түнгі уақытта 8-25 градус аяз, солтүстікте 5-30 градус аяз, ал республиканың шығысында 5-18 градус аяз күтілуде.
Оңтүстік өңірлерде түнде 5 градус аяз және 7 градус жылы болады.
Астана әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2024
Қоғам
150 рет дабылды ескерту жарияланған: Смайылов тапсырма берді
Жаңалықтар
0