Оқиға

Павлодар облысында автобус жер астына түсіп кетті: тергеу басталды

© Photo : pavlodarnews.kzАвтобус шұңқырға құлап кетті
Автобус шұңқырға құлап кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2024
Жазылу
Екі адамды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысында "Майқайыңалтын" шахтасындағы апатқа байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды облыстың полиция департаменті.
"Екі немесе одан да көп адамның абайсызда қайтыс болуына әкеп соққан, тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу фактісі бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Айтуынша, тәжірибелі тергеушілер қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарға қараған түні "Майқайыңалтын" кенішінде төтенше жағдай болды. Шахта жанында жер опырылып, адамдар мінген автобус тереңдігі 150 метр шұңқырға құлап кеткен.
Апат кезінде автобуста 4 адам болған. Олар – апаттық-құтқару қызметі облыстық филиалының 3 құтқарушысы мен 1 жүргізуші.
4 қаңтар күні іздестіру-құтқару жұмыстары барысында екі адамның денесі табылды. Қалған екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Іздестіру жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2024
Қоғам
"Майқайыңалтын" шахтасындағы апат: екі адам әлі табылған жоқ
Жаңалықтар
0