Әлем

Израиль Газа секторына 45 мыңнан астам зымыран мен бомба тастады – анклав билігі

© AP Photo / Ariel SchalitАвиаудар израильских ВС по сектору Газа
Авиаудар израильских ВС по сектору Газа - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2024
Жазылу
Кейбір әуе бомбаларында бір тоннаға жуық жарылғыш зат болған
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Қазан айында қақтығыс өршігеннен бері Израиль армиясы Газа секторына салмағы 65 мың тоннадан асатын 45 мыңнан астам зымыран мен бомба тастады, деп хабарлайды РИА Новости анклав үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Израиль ұшақтары қақтығыс кезінде Газа секторына 45 мыңнан астам зымыран мен алып бомба тастады, олардың кейбірінде 2000 фунт (907 килограмм) жарылғыш зат болған", - деп жазылған хабарламада.
Газа үкіметінің баспасөз қызметі Газа секторына тасталған жарылғыш заттардың салмағы 65 мың тоннадан асып кеткенін хабарлады.
7 қазанда Палестинаның ХАМАС қозғалысы "Әл-Ақса дауылы" операциясы аясында Израильге зымыранмен шабуылдады.
Осыдан кейін ұйымның жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралас аймақтарына еніп, 200-ден астам адамды кепілге алды. Израильде, биліктің соңғы мәліметі бойынша, шамамен 1,2 мың адам қаза болды, олардың қатарында бейбіт тұрғындар, сарбаздар, шетелдік азаматтар мен жұмысшылар бар. Сонымен қатар 5 мыңнан астам адам зардап шеккені туралы хабарланды.
Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс армиясы Газа секторындағы Хамасқа қарсы "Темір қылыш" операциясын бастады. Бірнеше күн ішінде Израиль әскери күштері Газа шекарасындағы барлық елді мекенді бақылауға алып, сектор аумағындағы нысандарға, соның ішінде азаматтық нысандарға әуеден соққы жасай бастады. Сондай-ақ Израиль Газа секторының толық блокадасын жариялады: су, азық-түлік, электр энергиясы, дәрі-дәрмек, отын жеткізу тоқтатылды.
Қазан айының соңында анклавтағы Израиль операциясының жердегі кезеңі басталды. Газа қаласын Израиль құрлық күштері қоршап алды, ал анклав іс жүзінде оңтүстік және солтүстік бөліктерге бөлінді.
Палестина анклавының денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Газада 7 қазаннан бері қаза тапқандар саны 22 мыңнан асып, 57 мыңнан астам адам жараланған.
Тараптардың аумақтық мүдделеріне қатысты Палестина – Израиль арасындағы қақтығыс ондаған жыл бойы аймақта шиеленіс көзі болды. 1947 жылы БҰҰ шешімі екі мемлекеттің – Израиль мен Палестинаның құрылуын анықтағанмен, тек Израиль мемлекеті ғана құрылды.

Ракеты выпущены в сторону Израиля из сектора Газа - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2024
Газа секторында құрбан болғандардың саны 22 мыңға жетті
Жаңалықтар
0