https://sputnik.kz/20240102/gaza-sektorynda-qurban-bolgandardyn-sany-22-mynga-zhetti--41325104.html
Газа секторында құрбан болғандардың саны 22 мыңға жетті
Газа секторында құрбан болғандардың саны 22 мыңға жетті
Sputnik Қазақстан
Соңғы тәулікте 156 адам қаза тауып, 246 адам жарақат алды 02.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-02T10:22+0500
2024-01-02T10:22+0500
2024-01-02T10:22+0500
израиль
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/12/39460156_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_94c98746c8b28226aa9da1398be37e7b.jpg
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Қазан айының басынан бері Израильдің Газа секторын бомбалауы мен атқылауынан 22 мыңға жуық палестиналық қаза тапты, оның ішінде 326 дәрігер бар. Бұл туралы анклавтың денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новости.Оның айтуынша, Израиль армиясы "150 медициналық мекемеге зақым келтірген, оның 30-ы толығымен істен шыққан". Сонымен бірге, министрлік хабарлағандай, осы уақыт ішінде қаза тапқандардың ішінде 326 дәрігер бар, Израиль әскерилері 99 палестиналық дәрігер мен кіші медициналық қызметкерді ауыр жағдайда тұтқында ұстап отыр.7 қазанда Палестинаның ХАМАС қозғалысы "Әл-Ақса дауылы" операциясы аясында Израильге зымыранмен шабуылдады.Осыдан кейін ұйымның жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралас аймақтарына еніп, 200-ден астам адамды кепілге алды. Израильде, биліктің соңғы мәліметі бойынша, шамамен 1,2 мың адам қаза болды, олардың қатарында бейбіт тұрғындар, сарбаздар, шетелдік азаматтар мен жұмысшылар бар. Сонымен қатар 5 мыңнан астам адам зардап шеккені туралы хабарланды.Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс армиясы Газа секторындағы Хамасқа қарсы "Темір қылыш" операциясын бастады. Бірнеше күн ішінде Израиль әскери күштері Газа шекарасындағы барлық елді мекенді бақылауға алып, сектор аумағындағы нысандарға, соның ішінде азаматтық нысандарға әуеден соққы жасай бастады. Сондай-ақ Израиль Газа секторының толық блокадасын жариялады: су, азық-түлік, электр энергиясы, дәрі-дәрмек, отын жеткізу тоқтатылды.Қазан айының соңында анклавтағы Израиль операциясының жердегі кезеңі басталды. Газа қаласын Израиль құрлық күштері қоршап алды, ал анклав іс жүзінде оңтүстік және солтүстік бөліктерге бөлінді.Тараптардың аумақтық мүдделеріне қатысты Палестина – Израиль арасындағы қақтығыс ондаған жыл бойы аймақта шиеленіс көзі болды. 1947 жылы БҰҰ шешімі екі мемлекеттің – Израиль мен Палестинаның құрылуын анықтағанмен, тек Израиль мемлекеті ғана құрылды.
израиль
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/12/39460156_171:0:2900:2047_1920x0_80_0_0_20b96a2be83533da417849bbcbba5fc8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
израиль
Газа секторында құрбан болғандардың саны 22 мыңға жетті
Соңғы тәулікте 156 адам қаза тауып, 246 адам жарақат алды
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Қазан айының басынан бері Израильдің Газа секторын бомбалауы мен атқылауынан 22 мыңға жуық палестиналық қаза тапты, оның ішінде 326 дәрігер бар. Бұл туралы анклавтың денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новости.
"Израиль агрессиясы басталғалы бері қаза тапқандар саны 21 978 адамға жетті, 57 697 жарақат алды. Соңғы тәулікте 156 адам қаза тауып, 246 адам жарақат алды", - деді министрлік өкілі.
Оның айтуынша, Израиль армиясы "150 медициналық мекемеге зақым келтірген, оның 30-ы толығымен істен шыққан". Сонымен бірге, министрлік хабарлағандай, осы уақыт ішінде қаза тапқандардың ішінде 326 дәрігер бар, Израиль әскерилері 99 палестиналық дәрігер мен кіші медициналық қызметкерді ауыр жағдайда тұтқында ұстап отыр.
7 қазанда Палестинаның ХАМАС қозғалысы "Әл-Ақса дауылы" операциясы аясында Израильге зымыранмен шабуылдады.
Осыдан кейін ұйымның жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралас аймақтарына еніп, 200-ден астам адамды кепілге алды. Израильде, биліктің соңғы мәліметі бойынша, шамамен 1,2 мың адам қаза болды, олардың қатарында бейбіт тұрғындар, сарбаздар, шетелдік азаматтар мен жұмысшылар бар. Сонымен қатар 5 мыңнан астам адам зардап шеккені туралы хабарланды.
Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс армиясы Газа секторындағы Хамасқа қарсы "Темір қылыш" операциясын бастады. Бірнеше күн ішінде Израиль әскери күштері Газа шекарасындағы барлық елді мекенді бақылауға алып, сектор аумағындағы нысандарға, соның ішінде азаматтық нысандарға әуеден соққы жасай бастады. Сондай-ақ Израиль Газа секторының толық блокадасын жариялады: су, азық-түлік, электр энергиясы, дәрі-дәрмек, отын жеткізу тоқтатылды.
Қазан айының соңында анклавтағы Израиль операциясының жердегі кезеңі басталды. Газа қаласын Израиль құрлық күштері қоршап алды, ал анклав іс жүзінде оңтүстік және солтүстік бөліктерге бөлінді.
Тараптардың аумақтық мүдделеріне қатысты Палестина – Израиль арасындағы қақтығыс ондаған жыл бойы аймақта шиеленіс көзі болды. 1947 жылы БҰҰ шешімі екі мемлекеттің – Израиль мен Палестинаның құрылуын анықтағанмен, тек Израиль мемлекеті ғана құрылды.