Білім

Бірінші сынып оқушылары қыста екі рет демалады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2024
Жазылу
Бүлдіршіндерге жыл сайын үшінші тоқсанда қосымша демалыс беріледі
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Биыл 1-сынып оқушыларына 5 ақпан мен 11 ақпан аралығында қосымша демалыс беріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстандық оқушылардың қысқы каникулы 10 күнге жалғасады. Балалар 8 қаңтарда мектепке оралады.
Ал 1-сынып оқушылары қыста екі рет демалады. Жыл сайын бүлдіршіндерге үшінші тоқсанда 5-11 ақпан аралығында бір апта қосымша демалыс беріледі. Осылайша 2023-2024 оқу жылында бірінші сынып оқушылары 33 апта, 2-11 (12) сыныптар 34 апта оқиды.
© Photo2023/2024 оқу жылы: демалыс күнтізбесі
2023/2024 оқу жылы: демалыс күнтізбесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2024
2023/2024 оқу жылы: демалыс күнтізбесі
Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Көктемгі каникул 21 наурызда басталып, 31 наурызға (қоса алғанда) дейін жалғасады.
Айта кетері, биыл еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау дәстүрге сай 25 мамырда соғылады.
Былтыр оқу-ағарту министрлігінің шешімімен оқу жылы 1 маусымда аяқталған еді. Алайда қоғамдағы қызу пікірталас пен сыннан кейін ведомство бұл бастамадан бас тартты. Десе де оқу жылын 36 аптаға дейін ұзарту мәселесіне 2025 жылдан кейін қайта оралу жоспарланып отыр.
Бұған дейін мектеп оқушыларының қысқы демалысын және бос уақытын тиімді өткізу үшін "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" деген атаумен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатыны хабарланған болатын.
Олардың қатарына мыналар кіреді:
жоғары сынып оқушыларымен және ата-аналармен бірге ғылыми жоба жұмыстарының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар, ЖОО оқытушыларымен кездесу, ғылыми жобалар туралы сұхбат жүргізу;
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Үнемі оқитын адам – табысты адам" тақырыбында оқырмандармен кездесу, оқыған кітаптарын талқылау;
"Ұлттық мектеп лигасы" жобасы негізінде білім беру ұйымдарымен бірлесе "Ұлттық ойын – ұлт қазынасы" спорттық ойындар өткізу;
"Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында "Мен оқыған бір ертегі", "Парасаттылық туралы" тақырыптарда оқушылармен әңгімелесу;
"Ата-аналар мектебі" жобасы аясында "Қыз намысы – ұлт намысы", "Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен", "Отбасылық таланттар" тақырыптарында ата-аналар жиналыстарын өткізу;
құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар.
Словари - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2024
Қазақстандық оқушылар 2024 жылы қазақ тілінен емтихан тапсырады
Жаңалықтар
0