https://sputnik.kz/20240102/qazaqstandyq-oqushylar-2024-zhyly-qazaq-tilinen-emtikhan-tapsyrady-41325757.html
Қазақстандық оқушылар 2024 жылы қазақ тілінен емтихан тапсырады
Қазақстандық оқушылар 2024 жылы қазақ тілінен емтихан тапсырады
Sputnik Қазақстан
Мемлекеттік тілден қорытынды емтиханды барлық сынып оқушылары тапсырады 02.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-02T12:39+0500
2024-01-02T12:39+0500
2024-01-02T12:39+0500
қазақ тілі
https://sputnik.kz/img/979/14/9791472_76:0:2000:1082_1920x0_80_0_0_0657c1fd47c2e75df371384cc5e3dd48.jpg
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Қазақ тілінен емтиханды 5-8 және 10 сынып оқушылары тапсырады. Өзгерістер 2023-2024 оқу жылынан бастап енгізілді, яғни мамыр айында студенттер мемлекеттік тілді білу деңгейінен тестілеуден өтеді.Еске сала кетейік, бұған дейін бұл емтиханды 9 және 11 сынып оқушылары ғана тапсыратын.Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай, тестілеу жазбаша және ауызша түрде өтеді. Тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу секілді дағдылар бағаланады.Емтихан тапсырмаларын мұғалімдер өздері дайындайды. 5-8, 10-сыныптардағы жылдық баға емтихан және жылдық бағалау нәтижелері бойынша қойылады.Бұл ретте 2024 жылы қазақ тілін меңгеру деңгейлері енгізіледі. Ұлттық тестілеу орталығы сынақтар өткізіп, сертификаттар береді.Тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тест кімдерге қажет:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/979/14/9791472_345:0:1788:1082_1920x0_80_0_0_ec0a035231d61c3284722281552a622e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақ тілі
Қазақстандық оқушылар 2024 жылы қазақ тілінен емтихан тапсырады
Мемлекеттік тілден қорытынды емтиханды барлық сынып оқушылары тапсырады
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Қазақ тілінен емтиханды 5-8 және 10 сынып оқушылары тапсырады. Өзгерістер 2023-2024 оқу жылынан бастап енгізілді, яғни мамыр айында студенттер мемлекеттік тілді білу деңгейінен тестілеуден өтеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін бұл емтиханды 9 және 11 сынып оқушылары ғана тапсыратын.
Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай, тестілеу жазбаша және ауызша түрде өтеді. Тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу секілді дағдылар бағаланады.
Емтихан тапсырмаларын мұғалімдер өздері дайындайды. 5-8, 10-сыныптардағы жылдық баға емтихан және жылдық бағалау нәтижелері бойынша қойылады.
Бұл ретте 2024 жылы қазақ тілін меңгеру деңгейлері енгізіледі. Ұлттық тестілеу орталығы сынақтар өткізіп, сертификаттар береді.
Тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тест кімдерге қажет:
магистратура мен докторантураға түсетін студенттерге;
мемлекеттік қызметтің "А" органының кадр резервіне енгізілген қызметкерлерге (жоғарғы кадрлық құрам);
"Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлерге;
ҰҚК академиясына түсуге өтініш білдірген студенттерге;
"Назарбаев Зияткерлік мектебінің" мұғалімдеріне.