https://sputnik.kz/20240103/qazaqstandyqtar-biryngay-elektrondy-bilet-arqyly-barlyq-kitapkhanadan-kitap-izdey-alady-41349223.html
Қазақстандықтар бірыңғай электронды билет арқылы барлық кітапханадан кітап іздей алады
Қазақстандықтар бірыңғай электронды билет арқылы барлық кітапханадан кітап іздей алады
Sputnik Қазақстан
Еліміздегі барлық кітап қоры халыққа қолжетімді болуы үшін цифрлық платформа әзірленіп жатыр 03.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-03T16:16+0500
2024-01-03T16:16+0500
2024-01-03T16:16+0500
мәдениет
кітапхана
https://sputnik.kz/img/318/96/3189618_0:156:3075:1885_1920x0_80_0_0_362a1f5637483f96792720c9b6ee154b.jpg
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда кітапханалардың бірыңғай цифрлық платформасы пилоттық режимде іске қосылады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Бүгінде елімізде 11 мыңнан аса кітапхана түрлі ақпараттық жүйелер мен каталогтарды қолданып келеді. Еліміздегі кітап қорын жүйелеу үшін бірыңғай автоматтандырылған платформа жасақтау жұмысы басталды.Мамандардың сөзінше, оның арқасында оқырмандар қажетті кітапты немесе оның электронды нұсқасын оңай таба алады. Жүйені енгізу аясында барлық кітапханаға кіру мүмкіндігі қарастырылған бірыңғай электронды оқырман билеті әзірленеді. Қолданушылар электронды үкімет порталы арқылы тіркеліп, билет алады.Платформаны пилоттық режимде 2024 жылы іске қосу жоспарланған. Бастапқыда ол ірі кітапханалар базасында жұмыс істей бастайды.Платформада кітап қорын онлайн толықтыру функциясы қарастырылған. Оны жеке баспалар да пайдалана алады: жарық көрген жаңа туындылар жүйеге енгізіліп, ақылы жазылушыларға қолжетімді болмақ. Осылайша жеке баспалар мен авторлардың мүдделерін қорғау жоспарланған."Біз елдегі баспалар өкілдерімен кездесіп, кітаптарды жариялау тәртібін түсіндірдік. Олар ұсынылған шарттарға келісім берді", — деді мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев.
https://sputnik.kz/20231106/astanada-oqushylar-sabaqtyn-aldynda-8-minut-kitap-oqidy-39959162.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/318/96/3189618_35:0:2766:2048_1920x0_80_0_0_1b722747dca9e39b0ec7fa3d18d1fde8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кітапхана
Қазақстандықтар бірыңғай электронды билет арқылы барлық кітапханадан кітап іздей алады
Еліміздегі барлық кітап қоры халыққа қолжетімді болуы үшін цифрлық платформа әзірленіп жатыр
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда кітапханалардың бірыңғай цифрлық платформасы пилоттық режимде іске қосылады, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Бүгінде елімізде 11 мыңнан аса кітапхана түрлі ақпараттық жүйелер мен каталогтарды қолданып келеді. Еліміздегі кітап қорын жүйелеу үшін бірыңғай автоматтандырылған платформа жасақтау жұмысы басталды.
Мамандардың сөзінше, оның арқасында оқырмандар қажетті кітапты немесе оның электронды нұсқасын оңай таба алады. Жүйені енгізу аясында барлық кітапханаға кіру мүмкіндігі қарастырылған бірыңғай электронды оқырман билеті әзірленеді. Қолданушылар электронды үкімет порталы арқылы тіркеліп, билет алады.
Платформаны пилоттық режимде 2024 жылы іске қосу жоспарланған. Бастапқыда ол ірі кітапханалар базасында жұмыс істей бастайды.
"Цифрлық платформа еліміздегі барлық кітап қоры азаматтарға қолжетімді болуы үшін әзірленіп отыр. Сондықтан ең алдымен электронды нұсқаға 10 ірі кітапхана өтеді. Ал қалғандары сәйкестендіру жұмыстарын қолға алуы керек. Кітап қоры толықтай сәйкес келген жағдайда кітапханалар оқырманға арналған іздеу бағдарламасын бейімдеуге тиіс", — деді премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова.
Платформада кітап қорын онлайн толықтыру функциясы қарастырылған. Оны жеке баспалар да пайдалана алады: жарық көрген жаңа туындылар жүйеге енгізіліп, ақылы жазылушыларға қолжетімді болмақ. Осылайша жеке баспалар мен авторлардың мүдделерін қорғау жоспарланған.
"Біз елдегі баспалар өкілдерімен кездесіп, кітаптарды жариялау тәртібін түсіндірдік. Олар ұсынылған шарттарға келісім берді", — деді мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев.