https://sputnik.kz/20231106/astanada-oqushylar-sabaqtyn-aldynda-8-minut-kitap-oqidy-39959162.html
Астанада оқушылар сабақтың алдында 8 минут кітап оқиды
Астанада оқушылар сабақтың алдында 8 минут кітап оқиды
Sputnik Қазақстан
Жобаның негізгі мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, танымдық көзқарасын кеңейту 06.11.2023, Sputnik Қазақстан
2023-11-06T18:17+0500
2023-11-06T18:17+0500
2023-11-06T18:17+0500
астана
оқушы
кітап
https://sputnik.kz/img/07e4/08/0d/14695117_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_8b932df8055e7f4977c77e31960a2635.jpg
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Елорданың барлық білім беру ұйымында "8 минуттық көркем әдебиет оқу" жобасы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.Жобаның негізгі мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, танымдық көзқарасын кеңейту. Бүгіннен бастап мектеп оқушылары күнде әр ауысымның алдында сабақ басталмас бұрын 8 минут кітап оқиды.Сондай-ақ мектептерде "Буккросинг” бұрыштары ашылады. Онда оқушылар бір-бірімен кітап алмасады. Мектептердің фойелерінде оқушыларға арналған коворкинг зоналар да жұмыс істейді."Бүгін біздің мектепте "8 минуттық кітап оқу" жобасы басталды. Мен Сапарғали Бегалиннің "Бала Шоқан" шығармасын оқуды бастадым. Бүгін 8 минутта 5 бет оқыдым. Демек бір айда осы қарқынмен толық бір кітапты аяқтайтын секілдімін. Осы кітапты аяқтаған соң басқа шығармаларды оқимын", - дейді №90 гимназия мектебінің 5-сынып оқушысы Әмина Сәрсенбай.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/0d/14695117_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_6aa70a8d67fa35a0ad1d1d5f0d496bf1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, оқушы, кітап
Астанада оқушылар сабақтың алдында 8 минут кітап оқиды
Жобаның негізгі мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, танымдық көзқарасын кеңейту
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Елорданың барлық білім беру ұйымында "8 минуттық көркем әдебиет оқу" жобасы басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.
Жобаның негізгі мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, танымдық көзқарасын кеңейту. Бүгіннен бастап мектеп оқушылары күнде әр ауысымның алдында сабақ басталмас бұрын 8 минут кітап оқиды.
"Бұл жобаны бастаудағы мақсатымыз әрбір оқушы көркем әдебиет оқыса екен дейміз. Себебі, кітап оқыған оқушының білімі, ой – өрісі кеңейеді. Кітап оқудың пайдасы орасан зор. Сөздік қордың көбеюіне, мидың күнделікті жаттығуына және есте сақтау қабілетінің жетіліп, баланың шығармашылық ойлау жүйесін жақсартады. Одан өзге білім сапасын көтеруге тигізер әсері мол. Сол себепті осы жобаны ойлап тауып, мектептерге енгізіп отырмыз", - дейді білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.
Сондай-ақ мектептерде "Буккросинг” бұрыштары ашылады. Онда оқушылар бір-бірімен кітап алмасады. Мектептердің фойелерінде оқушыларға арналған коворкинг зоналар да жұмыс істейді.
"Бүгін біздің мектепте "8 минуттық кітап оқу" жобасы басталды. Мен Сапарғали Бегалиннің "Бала Шоқан" шығармасын оқуды бастадым. Бүгін 8 минутта 5 бет оқыдым. Демек бір айда осы қарқынмен толық бір кітапты аяқтайтын секілдімін. Осы кітапты аяқтаған соң басқа шығармаларды оқимын", - дейді №90 гимназия мектебінің 5-сынып оқушысы Әмина Сәрсенбай.