Қоғам

Елімізде жеке куәлік пен паспорт жасату қымбаттайды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2023
Жазылу
Жыл сайын айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты құжат рәсімдеу кезінде төленетін мемлекеттік баждың мөлшері де көтеріледі
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда 2024 жылдан бастап құжат алу бағасы өседі.
Бірінші қаңтардан бастап елдегі айлық есептік көрсеткіш 3 692 теңгені құрайды. Осыған байланысты құжат алған кезде төленетін мемлекеттік баж мөлшері де өседі.
Келесі жылы қазақстандықтар жеке куәлікті 738 теңгеге (0,2 АЕК), 36 беттен тұратын стандартты паспортты 29 536 теңгеге (8 АЕК) жасатады. Ал 48 беттік төлқұжат үшін мемлекеттік баж мөлшері – 44 304 (12 АЕК).
Айта кетері, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде балалар паспорты екі есе арзандайды. Енді 16 жасқа дейінгі балаларға 24 беттік паспорт жасату үшін мемлекеттік баж 4 АЕК немесе 14 768 теңге болады.
Сондай-ақ неке қию туралы куәлік – 3 692 теңге (1 АЕК) және қайта алу – 1 846 теңге (0,5 АЕК), жүргізуші куәлігі – 4 615 теңге (1,25 АЕК) және ажырасу туралы өтініш беру үшін – 7 384 теңге (2 АЕК) төлейді.
Ал туу туралы куәлік тегін беріледі. Бірақ бұл құжатты алуға қайта өтініш берген жағдайда 1 846 теңге (0,5 АЕК) төлеу керек.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2023
Дерекқор
Жеке куәлік жоғалса не ұрланса, цифрлық нұсқасын пайдалана беруге бола ма
Жаңалықтар
0