Ақтөбе облысында автобус аударылды – шетелдіктер мешітте түнеп шықты

© Sputnik / Виктор ТолочкоМигалки на полицейской машине
Мигалки на полицейской машине - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2023
Жазылу
Автобуста болған 32 Өзбекстан азаматы жақын жердегі мешітке эвакуацияланды
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе облысында Өзбекстан азаматтары мінген автобус аударылып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Жол апаты 29 желтоқсан күні Әйтеке би ауданында "Қарабұтақ-Қостанай" автожолында кешкі уақытта болған. "Екатеринбург-Шымкент" бағытымен жолға шыққан автобус аударылып кетті.
Оқиға орнына құтқарушылар мен полиция барды. Автобуста болған 32 Өзбекстан азаматы жақын жердегі мешітке эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.
"Ауа-райының өзгеруін қадағалап, автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпаңыздар", - дейді құтқарушылар.
Айта кетері, қазіргі кезде алты облыста еспубликалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Ал Астанадан көлікпен шыққан 700-ден астам адам теміржолмен үйге қайтарылды.
Жаңалықтар
0