Астанадан көлікпен шыққан 700-ден астам адам теміржолмен үйге қайтарылды

© Sputnik / Тимур БатыршинВагоны на железнодорожных путях
Вагоны на железнодорожных путях  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2023
Жазылу
Қазіргі кезде эвакуацияланған халықты теміржол қатынасы арқылы үйге жеткізу шаралары жалғасып жатыр
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Теміржолшылар Астанадан көлікпен шыққан 700-ден астам адамды пойызбен үйге жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Жолаушылар тасымалы" АҚ-сына сілтеме жасап.
Астанаға қайтарылғандардың барлығы қар басып қалған жолдардан жақын жердегі теміржол станцияларына эвакуацияланды. Осылайша, бір түннің ішінде 700-ден астам адам Бурабай, Елтай, Ақкөл, Шортанды мен Ерейментауға жеткізілді.
"Сол жерден барлығы пойызбен Астанаға жіберілді. Жолаушыларға қажетті көмек көрсетілді. Қазіргі кезде эвакуацияланған халықты теміржол қатынасы арқылы үйге жеткізу шаралары жалғасып жатыр", - дейді теміржолшылар.
Мамандардың айтуынша, жаңа жылдың алдында жолаушылардың саны күрт көбейді. Соның салдарынан теміржол қатынасы да қиындап кетті. "Жолаушылар тасымалы" компаниясы ауа-райы қолайысыздығын ескеріп, жолға шықпауға кеңес беріп отыр.
Айта кетері, теміржол тәулік бойы және үздіксіз жұмыс істейді. Жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысы бір секундқа да тоқтамайды. Ал мерекелік түнде 18 мыңнан астам теміржолшы жұмысқа шығады.
Олардың ішінде "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-ның 11 мыңнан астам, Магистральдық желі дирекциясының 2,5 мыңға жуық, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның 2,2 мыңнан астам қызметкері бар. ӘТЖК-нің 1,5 мыңнан астам қызметкері теміржолда жүктердің қауіпсіздігін, сақталуын және тәртібті қамтамасыз ететін болады.
Жаңалықтар
0