Президент Жаңа жыл қарсаңында балалардың хатына жауап жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2023
Жазылу
Тоқаевқа 100-ден астам баладан тілек хат келді
АЛМАТЫ, 29 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жыл қарсаңында балалардың өзіне жазған хатына жауап жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында еліміздің барлық аймағында "Тілектер шыршасы" орнатылады. Сол жерге балалар өз тілектерін жазып қалдырады. Биыл бұл жоба аясында мемлекет басшысының атына Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген хат келіп түскен.
"Соның ішінде көп балалы отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі және жетім балалардан 100-ден астам тілек жолданды. Бүлдіршіндер өз хаттарында велосипед, домбыра, компьютер, жазғы лагерьге жолдама және басқа да заттарды сыйлыққа алуды, тіпті Астанаға келіп, "Ақорда" резиденциясын аралап көруді сұраған", - дейді Ақорда.
Балалардың хаттарына жауап берген президент оларды Жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ бұл ертегідей ерекше мереке екенін атап өтіп, бүлдіршіндерге өз атынан арнайы сыйлықтар жіберді. Мемлекет басшысы балаларды білімге құштар болуға, кітап оқуға, спортпен шұғылдануға, табиғатты аялауға және жақсылық жасауға шақырды.
Салют в столице в четь Дня Республики - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2023
Елорда тынысы
Астанада жаңажылдық отшашу қай жерде болады
Жаңалықтар
0