Елорда тынысы

Астанада жаңажылдық отшашу қай жерде болады

© Sputnik / Владислав ВодневСалют в столице в четь Дня Республики
Салют в столице в четь Дня Республики - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2023
Жазылу
Жаңа жылға арналған мерекелік отшашу демеушілер қаржысы есебінен ұйымдастырылады
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Астанада жаңажылдық отшашу екі жерде болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
31 желтоқсанда сағат 00:00-де алдымен Қазақстанның әнұраны шырқалады. Одан кейін Ботаникалық бақ пен "Атырау" көпірінің аумағынан отшашу тамашалауға болады. Әрбіреуі шамамен мың рет атылады.
"Жаңа жылға арналған мерекелік отшашу демеушілер қаржысы есебінен ұйымдастырылады", - дейді әкімдік қызметкерлері.
31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қаладағы үш жерде мерекелік іс-шаралар өтеді. Атап айтқанда, сағат 21:00-ден 02.00-ге дейін орталық алаңда, "Қазақ елі" монументі аумағында және ЭКСПО алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен "Жаңа жыл түні" мерекелік концерті өтеді.
Сондай-ақ, тұрғын үй алаптарында да мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады.
Жаңалықтар
0