Оқиға

"Қазақмыс" кенішінде жұмысшы мерт болды

Заброшенная шахта, карьер. Иллюстративное фото
Заброшенная шахта, карьер. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2023
Жазылу
Арнайы комиссия қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. "Қазақмыс" компаниясының Жыланды кенішінде машинист көз жұмды.
Қайғылы оқиға 26 желтоқсанда "Шығыс Сары-Оба" шахтасында болған. Өздігімен жүретін жерасты көлігі 1992 жылы туған адамды басып кетті. Жұмысшы алған жарақаттан сол жерде көз жұмды.
Арнайы комиссия қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.
Айта кетері, 22 қарашада компанияның Жезқазған байыту фабрикасында машинист әйел конвейерге қысылып, көз жұмды.
Араға бес күн салып "Жайсан" кенішінде 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері жарақат алды. Алған жарақаттан олар көз жұмды.
Казахмыс, добыча руды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2023
"Қазақмыс" жерасты кеніштерді тексеруді жалғастырып жатыр
Жаңалықтар
0