https://sputnik.kz/20231201/qazaqmys-zherasty-kenishterdi-tekserudi-zhalgastyryp-zhatyr-40570316.html
"Қазақмыс" жерасты кеніштерді тексеруді жалғастырып жатыр
"Қазақмыс" жерасты кеніштерді тексеруді жалғастырып жатыр
Sputnik Қазақстан
Кеншілердің қазасына байланысты жұмыс тоқтатылған болатын 01.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-01T17:27+0500
2023-12-01T17:27+0500
2023-12-01T17:27+0500
қазақмыс
https://sputnik.kz/img/old/931/85/9318560_0:52:1000:615_1920x0_80_0_0_8f4b5c3829ad722500b199795f6d34f8.jpg
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. "Қазақмыс" корпорациясының жерасты кеніштерінде жұмыс қайта жанданды, жекелеген учаскелердегі сәйкессіздіктерді жою жалғасуда, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.Хабарламада тексерулер де жалғасып жатқаны айтылған.Баспасөз қызметі компания басшылығы тексеруді жүргізілген уақыт үшін жұмысы тоқтатылған шахталардың бригадаларына жалақыны толық төлеуге шешім қабылдағанын хабарлады.Бұған дейін 27 қарашада Жамбыл облысындағы Жайсаң кенішінде апат болып, екі кенші қаза тапқаны хабарланды. Осыған байланысты корпорацияның барлық жерасты кеніштерінде тау-кен-жол салу және күрделі тау-кен жұмыстары тоқтатылды.Бұл "Қазақмыс" корпорациясының кәсіпорындарындағы бірінші апат емес. Бір апта бұрын, 22 қарашада Жезқазғандағы 2 өңдеу зауытында конвейер машинисі конвейер механизміне қысылып қалып, мерт болды. Жедел жәрдем оның қайтыс болғанын тіркеді.6 қарашада Шығыс Жезқазған кенішіндегі 57 шахтада жұмыс кезінде тау-кен жынысының опырылуы салдарынан 1984 жылы туған маман көз жұмды.Ал 20 қыркүйекте Балқаш мыс қорыту зауытында апат болып, мердігердің 1984 жылы туған монтаж жүргізуші жұмысшысы газ құбырын жөндеу кезінде мерт болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/931/85/9318560_57:0:945:666_1920x0_80_0_0_3f57a64a304a4c911cb8aa494b9f6fe6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақмыс
"Қазақмыс" жерасты кеніштерді тексеруді жалғастырып жатыр
Кеншілердің қазасына байланысты жұмыс тоқтатылған болатын
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. "Қазақмыс" корпорациясының жерасты кеніштерінде жұмыс қайта жанданды, жекелеген учаскелердегі сәйкессіздіктерді жою жалғасуда, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Хабарламада тексерулер де жалғасып жатқаны айтылған.
"Бас инженерлер төрағалық етуімен құрылған комиссиялар тау-кен жұмыстарын тексеру және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда, тау жыныстарын қауіпсіздендіру, жөндеу және бекіту және тағы басқа жұмыстар жүргізілді", - деп жазылған хабарламада.
Баспасөз қызметі компания басшылығы тексеруді жүргізілген уақыт үшін жұмысы тоқтатылған шахталардың бригадаларына жалақыны толық төлеуге шешім қабылдағанын хабарлады.
Бұған дейін 27 қарашада Жамбыл облысындағы Жайсаң кенішінде апат болып, екі кенші қаза тапқаны хабарланды. Осыған байланысты корпорацияның барлық жерасты кеніштерінде тау-кен-жол салу және күрделі тау-кен жұмыстары тоқтатылды.
Бұл "Қазақмыс" корпорациясының кәсіпорындарындағы бірінші апат емес. Бір апта бұрын, 22 қарашада Жезқазғандағы 2 өңдеу зауытында конвейер машинисі конвейер механизміне қысылып қалып, мерт болды. Жедел жәрдем оның қайтыс болғанын тіркеді.
6 қарашада Шығыс Жезқазған кенішіндегі 57 шахтада жұмыс кезінде тау-кен жынысының опырылуы салдарынан 1984 жылы туған маман көз жұмды.
Ал 20 қыркүйекте Балқаш мыс қорыту зауытында апат болып, мердігердің 1984 жылы туған монтаж жүргізуші жұмысшысы газ құбырын жөндеу кезінде мерт болды.