Биыл Қазақстанда пиротехникаға сұраныс артқан

© Sputnik / Владислав ВодневСалют в столице в четь Дня Республики
Салют в столице в четь Дня Республики - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2023
Жазылу
2022 жылмен салыстырғанда биыл елге құны 215 мың АҚШ долларына және 71,8 тоннаға көп пиротехника әкелінген
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті елімізге тұрмыстық пиротехникалық заттардың импорты туралы статистиканы бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Биылғы қаңтар-қараша аралығында елімізге құны 663,9 мың АҚШ долларын құрайтын жалпы салмағы 231,1 тонна отшашу импортталған. Оның арасында петарда, фонтан, отшашу батареялары, бенгал оттары, түрлі-түсті түтіндер, жерүсті отшашулары және басқа да тұрмыстық пиротехникалық заттар бар" деп жазылған комитеттің ресми хабарламасында.
Отшашудың негізгі импорттаушысы – Қытай болса, Германиядан, Ұлыбританиядан және АҚШ-тан 17,6 мың АҚШ долларына 0,1 тонна отшашу жеткізілген.
2022 жылмен салыстырғанда биыл елге құны 215 мың АҚШ долларына және 71,8 тоннаға көп пиротехника әкелінген.
Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанға құны 448,9 мың АҚШ доллары болатын 159,4 тонна тауар жеткізілді.
Человек считает деньги  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2023
Пиротехниканы заңсыз сатқандарға қанша айыппұл салынады
Жаңалықтар
0