https://sputnik.kz/20231225/pirotekhnikany-zansyz-satqandarga-qansha-ayyppul-salynady-41160657.html
Пиротехниканы заңсыз сатқандарға қанша айыппұл салынады
Пиротехниканы заңсыз сатқандарға қанша айыппұл салынады
Sputnik Қазақстан
86 250 теңге көлемінде айыппұл салынады 25.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-25T12:17+0500
2023-12-25T12:17+0500
2023-12-25T12:17+0500
айыппұл
әкімшілік айыппұл
отшашу
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703845_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ac855a0413b0f5624bece94b22a2148.jpg
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқаны үшін айыппұл салынатынын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 196-бабына сәйкес, тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасағаны үшін 25 АЕК немесе 86 250 теңге көлемінде айыппұл салынады. Оған рұқсат құжаттарсыз сатылатын пиротехникалық бұйымдар да кіреді.Айта кетері, бүгінде республика бойынша "Пиротехника" жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Соның аясында полицейлер сауда орындарын аралап, пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану мен тасымалдау тәртібін тексереді.Бұдан бөлек, заңда пиротехниканы қолданғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда, пиротехниканы қолдана отырып, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны үшін 69 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Заңды кәмелетке толмаған балалар бұзса, олардың ата-анасына ескерту жасалады немесе 69 мың теңгенің айыппұлы салынады.Бұдан басқа, адамдардың қалыпты демалысы мен тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жаза да бар. Оған сәйкес, жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ал демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты сақтау қажет. Осы талапты бұзған үшін де айыппұл қарастырылған.
https://sputnik.kz/20231225/pirotekhnikany-zansyz-satqandar-zhazalanady-politseyler-reydke-shyqty-41159350.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15703845_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_240136b05bbed44cc4a7c66dbffffccf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
айыппұл, әкімшілік айыппұл, отшашу
айыппұл, әкімшілік айыппұл, отшашу
Пиротехниканы заңсыз сатқандарға қанша айыппұл салынады
86 250 теңге көлемінде айыппұл салынады
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқаны үшін айыппұл салынатынын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 196-бабына сәйкес, тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасағаны үшін 25 АЕК немесе 86 250 теңге көлемінде айыппұл салынады. Оған рұқсат құжаттарсыз сатылатын пиротехникалық бұйымдар да кіреді.
Айта кетері, бүгінде республика бойынша "Пиротехника" жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Соның аясында полицейлер сауда орындарын аралап, пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану мен тасымалдау тәртібін тексереді.
Бұдан бөлек, заңда пиротехниканы қолданғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда, пиротехниканы қолдана отырып, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзғаны үшін 69 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Заңды кәмелетке толмаған балалар бұзса, олардың ата-анасына ескерту жасалады немесе 69 мың теңгенің айыппұлы салынады.
Бұдан басқа, адамдардың қалыпты демалысы мен тыныштығын бұзғаны үшін әкімшілік жаза да бар. Оған сәйкес, жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ал демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты сақтау қажет. Осы талапты бұзған үшін де айыппұл қарастырылған.
жеке тұлғаларға – 17 250 теңге;
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 69 мың теңге;
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 103 500 теңге;
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 345 мың теңге.