https://sputnik.kz/20231225/pirotekhnikany-zansyz-satqandar-zhazalanady-politseyler-reydke-shyqty-41159350.html
Пиротехниканы заңсыз сатқандар жазаланады: полицейлер рейдке шықты
Пиротехниканы заңсыз сатқандар жазаланады: полицейлер рейдке шықты
Sputnik Қазақстан
Пиротехника – бұл өрттің шығуына ғана емес, адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретін қауіпті құрал екенін айта кету керек 25.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-25T10:42+0500
2023-12-25T10:42+0500
2023-12-25T10:42+0500
отшашу
полиция
https://sputnik.kz/img/419/34/4193413_0:146:3127:1904_1920x0_80_0_0_83a37062ca7c18e7774683ebcbde5a21.jpg
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда "Пиротехника" жедел алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгіннен бастап тәртіп сақшылары сауда орындарын аралап, пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану мен тасымалдау тәртібін тексереді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандармен пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде жарақат алудың профилактикасына да басымдық беріледі. Бүгінде мектептерде оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары басталып кетті.Полицейлер мамандандырылған дүкендер мен сауда орындарынан ғана пиротехниканы алуға кеңес беріп отыр. Ал отшашуды алғанда өнімге сәйкестік сертификатын талап ету қажет. Әрбір пиротехникалық бұйымда мемлекеттік және орыс тілдерінде қолдану жөніндегі нұсқаулық жазылуы шарт."Бұйымның сыртқы қаптамасының дұрыстығына және сақтау мерзіміне міндетті түрде назар аудару қажет. Егер тауар мерзімі өтіп кетсе, тауарлық түрін жоғалтса, онда оны пайдалануға болмайды", - дейді тәртіп сақшылары.Айта кетері, Қазақстанда пиротехникалық бұйымдарды өндіру, сату қызметі лецензиялауға жатады. Бүгінде осы қызмет түрімен айналысатын 40 астам заңды тұлға тіркелген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/419/34/4193413_197:0:2928:2048_1920x0_80_0_0_8814643fabb747228aa87871f8b35c86.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
отшашу, полиция
Пиротехниканы заңсыз сатқандар жазаланады: полицейлер рейдке шықты
Пиротехника – бұл өрттің шығуына ғана емес, адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретін қауіпті құрал екенін айта кету керек
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда "Пиротехника" жедел алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгіннен бастап тәртіп сақшылары сауда орындарын аралап, пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану мен тасымалдау тәртібін тексереді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандармен пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде жарақат алудың профилактикасына да басымдық беріледі. Бүгінде мектептерде оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары басталып кетті.
"Пиротехника – бұл өрттің шығуына ғана емес, адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретін қауіпті құрал екенін айта кету керек. Оны дұрыс пайдаланбаса жазатайым жағдайға әкелуі мүмкін. Мәселен, өткен жылы Астана қаласында жаңа жыл түні көп қабатты үйдің ауласында әкесі пиротехникалық бұйымды дұрыс пайдаланбағаны салдарынан жанында болған кәмелетке толмаған балалары және өзі дене күйік жарақатын алған", - дейді әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асылбек Ыдырысов.
Полицейлер мамандандырылған дүкендер мен сауда орындарынан ғана пиротехниканы алуға кеңес беріп отыр. Ал отшашуды алғанда өнімге сәйкестік сертификатын талап ету қажет. Әрбір пиротехникалық бұйымда мемлекеттік және орыс тілдерінде қолдану жөніндегі нұсқаулық жазылуы шарт.
"Бұйымның сыртқы қаптамасының дұрыстығына және сақтау мерзіміне міндетті түрде назар аудару қажет. Егер тауар мерзімі өтіп кетсе, тауарлық түрін жоғалтса, онда оны пайдалануға болмайды", - дейді тәртіп сақшылары.
Айта кетері, Қазақстанда пиротехникалық бұйымдарды өндіру, сату қызметі лецензиялауға жатады. Бүгінде осы қызмет түрімен айналысатын 40 астам заңды тұлға тіркелген.