https://sputnik.kz/20231226/ar-qabatta-meditsinalyq-punkt-bar-almatyda-zamanga-say-zhataqkhana-paydalanuga-berildi-41208586.html
Әр қабатта медициналық пункт бар: Алматыда заманға сай жатақхана пайдалануға берілді
Әр қабатта медициналық пункт бар: Алматыда заманға сай жатақхана пайдалануға берілді
Sputnik Қазақстан
Студенттер үйі жеке инвестордың қаржыландыруымен мемлекеттік тапсырыс бойынша салынды 26.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-26T14:02+0500
2023-12-26T14:02+0500
2023-12-26T14:02+0500
жатақхана
https://sputnik.kz/img/07e6/08/03/26502951_0:103:1280:823_1920x0_80_0_0_0637edd297f2ca83a01cacfc60b0616c.jpg
АЛМАТЫ, 26 желтоқсан – Sputnik. Алматыда 980 орындық жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Заманауи үлгіде салынған тоғыз қабатты екі ғимаратта студенттерге барлық жағдай жасалған, деп хабарлады 24.kz.Бөлмелер тоңазытқышпен, шкафтармен жабдықталған. Әр қабатта медициналық пункт, демалыс және оқу залы бар. Студенттер үйі жеке инвестордың қаржыландыруымен мемлекеттік тапсырыс бойынша салынды.Шаһарда жаңа жатақхана тұрғызып, сондай-ақ, ескі ғимараттарды студенттерге арнап қайта қалпына келтіруге 100-ден аса инвестор ниет білдірген. Қазір онда 35 жоғары оқу орны бар, оларда 200 мыңға жуық студент білім алады. Оның 120 мыңы ел аймақтарынан келген."Қыркүйек айының соңында біз 1,5 мың студентке арналған жеті нысанды іске қостық. Осы жылдың соңына дейін тағы 2,5 мың орындық 7 нысан пайдалануға беріледі. Алматы қаласын дамыту бағдарламасына сәйкес 2030 жылға қарай жатақхана тапшылығы мәселесін толығымен шешуіміз керек. Яғни 32 мың төсек-орынға арналған жатақхананы қолданысқа беру жоспарланған", - дейді қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Меңдіғалиев.
https://sputnik.kz/20230906/aqyly-bolimde-oqityn-studentterge-zhataqkhana-berile-me--ministrliktin-zhauaby-38237830.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/03/26502951_88:0:1191:827_1920x0_80_0_0_9b476296244e5726f8020b379756966f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жатақхана
Әр қабатта медициналық пункт бар: Алматыда заманға сай жатақхана пайдалануға берілді
Студенттер үйі жеке инвестордың қаржыландыруымен мемлекеттік тапсырыс бойынша салынды
АЛМАТЫ, 26 желтоқсан – Sputnik. Алматыда 980 орындық жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Заманауи үлгіде салынған тоғыз қабатты екі ғимаратта студенттерге барлық жағдай жасалған, деп хабарлады
24.kz. Бөлмелер тоңазытқышпен, шкафтармен жабдықталған. Әр қабатта медициналық пункт, демалыс және оқу залы бар. Студенттер үйі жеке инвестордың қаржыландыруымен мемлекеттік тапсырыс бойынша салынды.
Шаһарда жаңа жатақхана тұрғызып, сондай-ақ, ескі ғимараттарды студенттерге арнап қайта қалпына келтіруге 100-ден аса инвестор ниет білдірген. Қазір онда 35 жоғары оқу орны бар, оларда 200 мыңға жуық студент білім алады. Оның 120 мыңы ел аймақтарынан келген.
"Қыркүйек айының соңында біз 1,5 мың студентке арналған жеті нысанды іске қостық. Осы жылдың соңына дейін тағы 2,5 мың орындық 7 нысан пайдалануға беріледі. Алматы қаласын дамыту бағдарламасына сәйкес 2030 жылға қарай жатақхана тапшылығы мәселесін толығымен шешуіміз керек. Яғни 32 мың төсек-орынға арналған жатақхананы қолданысқа беру жоспарланған", - дейді қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Меңдіғалиев.