https://sputnik.kz/20230906/aqyly-bolimde-oqityn-studentterge-zhataqkhana-berile-me--ministrliktin-zhauaby-38237830.html
Ақылы бөлімде оқитын студенттерге жатақхана беріле ме – министрліктің жауабы
Ақылы бөлімде оқитын студенттерге жатақхана беріле ме – министрліктің жауабы
Sputnik Қазақстан
Студент грантта оқи ма, ақылы бөлімде білім ала ма, барлығы жатақханадан орын алуға құқылы 06.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-06T13:54+0500
2023-09-06T13:54+0500
2023-09-06T13:54+0500
жатақхана
студенттер
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/02/28993149_0:66:700:460_1920x0_80_0_0_42a716917e0b11693dc1fd4a889ddc61.jpg
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі ақылы бөлімде оқитын студенттерге де жатақхана беруге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханның айтуынша, биылдан бастап заң талаптары күшіне еніп отыр. Оған сәйкес, студенттерді жатақханада орналастыру жағынан ешқандай шектеу болмауы керек.Бірақ жатақхана орындарын тарату кезінде алдымен әлеуметтік жағынан осал санатқа кіретін студенттерге басымдық беріледі. Одан кейін оқу озаттары мен I курс студенттері орын алады. Алайда әрбір универсетте жатақхана орындары тапшы болғаннан кейін барлығына бірдей жете бермейді."Негізі, заң жағынан ешқандай шектеу жоқ", - деп атап көрсетті Абылайхан.Айта кетері, биылдан бастап басқа қалаларда тұратын ата-анасынан айырылған студенттердің жатақханада тұру шығындары өтеуге шешім қабылданды.
https://sputnik.kz/20230906/ata-analar-khostel-degen-sozden-qorqady-ministrlik-studentter-ushin-alandamauga-shaqyrdy-38236811.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/02/28993149_0:0:700:525_1920x0_80_0_0_638d8cea61de014561b413b9c01fa2e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жатақхана, студенттер
Ақылы бөлімде оқитын студенттерге жатақхана беріле ме – министрліктің жауабы
Студент грантта оқи ма, ақылы бөлімде білім ала ма, барлығы жатақханадан орын алуға құқылы
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі ақылы бөлімде оқитын студенттерге де жатақхана беруге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханның айтуынша, биылдан бастап заң талаптары күшіне еніп отыр. Оған сәйкес, студенттерді жатақханада орналастыру жағынан ешқандай шектеу болмауы керек.
"Студент грантта оқи ма, ақылы бөлімде білім ала ма, барлығы жатақханадан орын алуға құқылы", - деді комитет басшысының орынбасары орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бірақ жатақхана орындарын тарату кезінде алдымен әлеуметтік жағынан осал санатқа кіретін студенттерге басымдық беріледі. Одан кейін оқу озаттары мен I курс студенттері орын алады. Алайда әрбір универсетте жатақхана орындары тапшы болғаннан кейін барлығына бірдей жете бермейді.
"Негізі, заң жағынан ешқандай шектеу жоқ", - деп атап көрсетті Абылайхан.
Айта кетері, биылдан бастап басқа қалаларда тұратын ата-анасынан айырылған студенттердің жатақханада тұру шығындары өтеуге
шешім қабылданды.