Университеттегі трагедия: Чехияда қанша қазақстандық білім алады

© Sputnik / Alexey Vitvitsky / Медиабанкке өтуПрага қаласы, Чехия
Прага қаласы, Чехия - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2023
Жазылу
Жоғары оқу орнында болған атыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматы жоқ
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Чехияда 2,5 мыңнан астам қазақстандық студент білім алады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Чехияда орташа есеппен 2 500-ден аса қазақстандық студент білім алып жатыр. Өкінішке қарай, біз нақты санды айта алмаймыз. Себебі ол жаққа азаматтарымыз өздері барады, бізге ескертпейді. Біз Чехия билігімен деректерді нақтылаймыз",- деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Оның айтуынша, қайғылы оқиғадан ешбір Қазақстан азаматы зардап шекпеген.
"Олар бізден көмек сұраса, біз көмектесеміз. Біз консулдық есепте тұрғандарға сол елдегі техникалық қауіпсіздікті қатаң сақтап, сақ болуға кеңес береміз", - деді СІМ ресми өкілі.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда Прагадағы Карл университетінде қайғылы оқиға болды. Философия факультетінің 24 жастағы студенті аудиториядағы студенттерге, сондай-ақ сол кезде Ян Палах алаңындағы оқу орнының жанына өтіп бара жатқан адамдарға винтовкадан оқ атқан. Салдарынан 14 адам қаза тауып, тағы 25 адам жараланды, оның 11-інің жағдайы ауыр.
Показывающие полдень часы на ратуше на фоне пустой Староместской площади в Праге в период пандемии коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2023
Университеттегі атыс: Чехияда 23 желтоқсан қаралы күн болып жарияланды
Жаңалықтар
0