Университеттегі атыс: Чехияда 23 желтоқсан қаралы күн болып жарияланды

© REUTERS / David W Cerny Показывающие полдень часы на ратуше на фоне пустой Староместской площади в Праге в период пандемии коронавируса
Показывающие полдень часы на ратуше на фоне пустой Староместской площади в Праге в период пандемии коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2023
Жазылу
Атыс салдарынан 14 адам қаза тауып, тағы 25 адам жараланды, оның 11-інің жағдайы ауыр
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Прагадағы Карл университетінде 14 адам қаза тапқан жаппай атыстан кейін 23 желтоқсан Чехияда қаралы күн деп жарияланды. Бұл туралы Чехия премьер-министрі Петр Фиала мәлімдеді.
Ол үкіметтің кезектен тыс отырысынан кейінгі брифингте сөз сөйледі.
Бір күн бұрын Прагадағы Карл университетінің философия факультетінің 24 жастағы студенті Давид К. аудиториядағы студенттерге, сондай-ақ сол кезде Ян Палах алаңындағы оқу орнының жанына өтіп бара жатқан адамдарға винтовкадан оқ атқан.
Атыс салдарынан 14 адам қаза тауып, тағы 25 адам жараланды, оның 11-інің жағдайы ауыр.
Полицейлердің айтуынша, студент өз әрекетін шет елдердегі осы секілді жағдайларды зерттеп, оған мұқият дайындалып, салқынқандылықпен жасаған. Содан кейін ол өз-өзіне қол жұмсады.
Чехия үкіметінің басшысы университетте болған оқиғаға елдің барлық азаматтары есеңгіреп қалғанын айтты.
"Үкіметтің арнайы отырысы өтті, оған республика президенті мен парламенттің төменгі палатасының спикері қатысты. Біз 23 желтоқсанды мемлекеттік аза тұту күні деп жариялау туралы шешім қабылдадық. Бұл күні сағат 12.00-де (Астана уақытымен 17.00) бәріміз осы қорқынышты жағдайдың құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске аламыз", - деді Фиала.
Республика басшысы Петр Павел осы оқиғаға байланысты Францияға сапарын тоқтатып, Прагаға оралды және қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Жаңалықтар
0